{metadescription}
«Форбс» журналы биылғы миллиардерлердің тізімін жариялады
«Форбс» журналы биылғы миллиардерлердің тізімін жариялады

«Форбс» журналы биылғы миллиардерлердің тізімін жариялады

«Форбс» журналы әлемдегі ең бай адамдардың тізімін жариялады. Әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, биыл байлығы миллиард доллардан асқандар саны 200 адамға көбейіп, 1011-ге жетіпті. Ал қазақстандықтардан тізімге 5 адам іліккен.

2010 жылдың ең бай адамы деп, тізім басында 70 жастағы мексикалық медиамагнат - Карлос Слим тұр. Бүгінде оның дүние-мүлкі 53,5 миллиард долларды құрап отыр. Бірнеше жыл қатарынан үздік үштіктен түспей келе жатқан Слим “Телефонос де Мексико” компаниясын басқарады және “Нью-Йорк Таймс” басылымы мен “Глобо Корсо” корпорациясы акцияларының басым бөлігіне ие. Десе де, “Форбс” тізімін бастаған Латын Американың алғашқы өкілі арзан бешпет киіп, өзі компьютер шығаратын компанияға иелік етсе де, бұрынғысынша қойын дәптер пайдаланады екен. Одан кейінгі орынға 53 млрд доллармен “МайкраСофт” компаниясының негізін қалаушы - Билл Гейтс орналасқан. Ал алдыңғы жылы екінші сатыда тұрған америкалық инвестор Уоррен Баффет биыл үшінші орынға сырғыпты. Оның дүние-мүлкі 47 млрд. долларға бағаланған. Форбстың есептеуінше, Билл Гейтс пен Уоррен Баффеттің байлығы бір жылдың ішінде 13 және 10 млрд долларға артқан. Басылым өкілдері: «Биыл миллиардерлердің географиялық ауқымы да кеңеюде», - дейді.

Стив Форбс, «Форбс» журналының бас редакторы:

- Соңғы жылдары Азия елдерінде де миллиардерлер саны көбеюде. АҚШ-пен салыстырғанда, азиялық дәулеттілер санының өсу қарқыны жоғары. Мәселен, Оңтүстік Корея, Қытай, Тайвань мен Түркиядағы миллиардерлердің қатары әр елде кем дегенде, 10 адамға толыққан.

Қазақстандықтардың арасынан “Форбстың” тізіміне 7 адам ілігіпті. Олардың ішінде 3,7 млрд долларымен Владимир Ким көш бастап тұр. “Қазақмыстың” төрағасы 247 орынға жайғасқан. Одан 400 миллин доллары кем Алиджан Ибрагимов 278-ші орында. 283-ші Патох Шодиев, 284-ші орында Александр Машкевич. Шодиев пен Машкевич байлықты Қазақстанда жинағанымен, қазір басқа елдің азаматтары. Дәулеті 1,1 млрд долларды құраған Тимур мен Динара Құлыбаевтар және банкир Нұржан Сұбханбердин тиісінше 857, 858 және 929-шы орындарға табан тірепті. Ал алдыңғы жылы 1 млрд долларымен 701-ші сатыдан көрінген тағы бір банкир - Бақытбек Байсейітов биыл тізімге ілікпей қалыпты. Жалпы миллиардерлер саны жағынан әдеттегідей АҚШ көш бастап келеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде