{metadescription}
Қарағанды: “Абай” кенішінде 30 адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаға кінәлілер табылмады
Қарағанды: “Абай” кенішінде 30 адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаға кінәлілер табылмады

Қарағанды: “Абай” кенішінде 30 адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаға кінәлілер табылмады

“Абай” кенішінде 30 адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаға кінәлілер табылмады. Өйткені жер астындағы өртке айғақ бүкіл деректер жойылып кеткен. Ал жабылған жер асты кенішін мамандар қазірдің өзінде ашудан бас тартып отыр.

Естеріңізге салсақ, “Абай” кенішіндегі апат осыдан екі жыл бұрын 2008 жылдың 11 қаңтарында орын алған. Құтқарушылар жердің бетіне қаза болған 30 кеншінің 9-ын ғана көтерген болатын. Ал қалған 21 адамның мәйіті жер астындағы кеніште қалып қойған еді. Сарапшылардың мәліметінше, апат болған ауданда әлі де жарылыс қаупі бар. Дегенмен апат орнын тексерусіз жарылыстың нақты себептерін анықтау мүмкін емес. Сол себепті осы іске қатысты қозғалған қылмыстық іс аяқталмай, кінәлілер табылмай отыр. Ал мамандар жерасты кенішінің қашан ашылатыны жөнінде нақты болжам айта алмауда.

Кеншінің жесірі:

- Ол жерде тірідей көміліп қаза болғандар - 30 жыл бойы кенші болып істеген азаматтар. Ең болмағанда, апат орнын аршып, қаза болғандарды көмсек, бізге сол ғана керек.

Геннадий Силинский, “ Көмір” әскери апаттан құтқару қызметінің бас инженері:

- Ашығын айтайын. Ол кеніш ашылып, тексеру жүргізілген күннің өзінде, бір айғақтар табылатына күмәнім бар. Ал кінәлілерді жазалап, лауазымды тұлғаларды орындарынан алады дегенге тіпті сенімім жоқ.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.