{metadescription}
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы 30 жылдан бері жөндеу көрмей тұр
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы 30 жылдан бері жөндеу көрмей тұр

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы 30 жылдан бері жөндеу көрмей тұр

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы 30 жылдан бері жөндеу көрмеген. “Отырар сазы” оркестрі мен мемлекеттік хор капелласы концерттерге төбесінен су тамшылап тұрған залдарда дайындық жүргізуге мәжбүр. Ал филармония басшылығы болса, Мәдениет министрлігі жөндеу жұмыстарына қаражатты былтыр ғана бөлді деп ақталады. Екі жақтың пікірін Әйгерім Асқарқызы тыңдап қайтты.

Төбесінен тамшылап тұрған суға қарамастан, “Отырар сазы” оркестрі кезекті концертіне дайындалуда. Артистер қысқы суықта үрмелі аспаптармен жұмыс істеу қиын болғанын айтады.

Лариса Насреддинова, “Отырар сазы” оркестрінің артисі:

- Үстіміздегі пальтомызды шешпейміз. Бүрсеңдеп отырып ойнаймыз. Саусағымыз үси жаздайды.

Жөндеу жұмыстарына ақша былтыр бөлініпті. Алайда артистердің айтуынша, бұл қаражатқа тек директордың кабинеті ғана жөнделіпті.

Әлия Молдағалиева, Б.Байқадамов атындағы хор капелласының артисі:

- Залға жөндеу жұмысын жасады деп айталық, директордың кабинетіне жасалды. Ал біз ше? Артистер ше? Біздің арқамызда ақша түседі...

Наразы топтың сөзіне сенсек, тіпті шетелдік гастрольдерге шығармашылық ұжымға қатысы жоқ қызметкерлер барады екен.

Владимир Курочкин, Алматыдағы мәдениет қызметкерлерінің «Руханият» кәсіподағының төрағасы:

- Үндістандағы гастрольге бас есепші кетті. Қазір ол бас директордың орынбасары. Осылайша, «филармония басшылығы мемлекет есебіне қыдырып жүр» деп қалалық прокурорға да, қаржы полициясына да жаздым. Ешкім қимылдаған жоқ.

Ал мәлімет беруден біраз тартынған филармония басшылығы: «20 жыл бойы тынымсыз жазған арыздарымыздың арқасында жөндеу жұмыстарына ақша бөлінді», - дейді.

Светлана Завьялова, Жамбыл атындағы ҚМФ директорының қаржы жөніндегі директорының орынбасары:

- Неше түрлі жағдай болады ғой. Мемлекеттен бөлінген бірінші траншты игердік. Бірақ әлі де ана-мына жерден су тамшылайды, басқа жерде құбыр жарылады. Бәрін жөндеу мүмкін емес.

2009 жылы бөлінген қаржыға Филармонияның 30 пайызы ғана жөнделіпті. Ал бүкіл ғимаратты жөндеуге 300 миллион теңге бөлінген. Яғни, алғашқы жөндеуге 80 миллион теңге жұмсалған. Оның өзі кішігірім дайындық залдары мен директордың кабинеті.

Ескі филармония мен жаңа филармонияның арасын аз ғана жер бөліп тұр. Мұнда 30 жыл жөндеу көрмеген филармония, ал бөлек бір бөлігі былтыр ғана жөнделді. Филармония басшылары 10 мың шаршы метрді алып жатқан өнер ордасын «бірден жөндеу мүмкін емес» дейді

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.