{metadescription}
“Қазатомөнеркәсібі” ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев 14 жылға бас бостандығынан айырылды
“Қазатомөнеркәсібі” ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев 14 жылға бас бостандығынан айырылды

“Қазатомөнеркәсібі” ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев 14 жылға бас бостандығынан айырылды

“Қазатомөнеркәсібі” ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевке қатысты бүгін сот үкімі шықты. Соттың шығарған үкіміне сәйкес, Мұхтар Жәкішев 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында бүгін түскі сағат үште басталды. Әу баста 15-ші наурызда шығарылады деп жарияланған. Алайда үкім шығарылуының бүгінге ауыстырылғанына қарамастан, сот алдына келген адамның қарасы көп болды. Бірақ сот залына олардың ешқайсысы да жіберілмеді.

Сот залына тіпті Мұхтар Жәкішевтің жұбайы Жәмилә да, қоғамдық құқық қорғаушылары да бас сұға алмады. Естеріңізде болса, өткен жылдың мамыр айының соңында мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтірді деген айыппен “Қазатомөнеркәсібі” ұлттық компаниясының басшысы Мұхтар Жәкішев қамауға алынған болатын. Жәкішевке қатысты қылмыстық іс қозғаған Ұлттық қауіпсіздік комитеті сол кезде сот ашық түрде Астана қаласында өтеді деп жариялаған еді. Ал бұл іс соттың қарауына осы жылы қаңтар айының бесі күні берілді. Бірақ сол уақыттан бері бірде-бір сот отырысы ашық түрде өткен емес. Тіпті бүгінгі үкімді де ашық түрде өтеді деп алдын-ала мәлімдеген болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде