{metadescription}
Алматы-Астана тас жолында 200-ге тарта жүк көлігі тоқтап тұр
Алматы-Астана тас жолында 200-ге тарта жүк көлігі тоқтап тұр

Алматы-Астана тас жолында 200-ге тарта жүк көлігі тоқтап тұр

Төрт күннен бері Алматы-Астана тас жолымен бірде-бір көлік өте алмай тұр. Еріген қар мен көп жауған жауын-шашынның салдарынан жолдың кейбір бөлігін су шауып кетіп, 200-ге тарта жүк көлігі діттеген жеріне жете алмай жатыр. Су жарып кеткен жерлер жөнделіп жатқанымен, жолдың қашан ашылатыны әлі белгісіз.

4 күннен бері Алматыдан Астанаға баратын жолдың бойында 200-ге тарта жүк көліктері кептеліп тұр. Николай Петров Алматыға Еуропадан тауар жеткізіп, қайтарында Қарағандыға шахта жұмыстарына қажет құрал-жабдықтарды апара жатқан. Тауардың кешіктірілуіне байланысты тапсырыс берушілер де күнде телефон шалып, мазасын алып жатқан көрінеді.

Николай Петров, көлік жүргізушісі:

- Ақмашыз да бітіп барады. Күн суықта көлікті қыздырып отыру керек, оған жанармай кетеді. Біз осында тұтқында отырған сияқтымыз.

Еріген қар суы жолды бірнеше жерден жарып кеткен. Апат орнын көріп қайтқан мамандар: «Тас жолда ені 3 метр, ұзындығы 10 метрге дейін шұңқырлар пайда болған», - дейді.

Ерлан Күсенбеков, Алматы облыстық ІІД Жол полициясы басқармасының қызметкері:

- Жұмыс жүріп жатыр. Ал су тоқтамастан құйылып жатыр. Екі жердегіні бітірдік, үшіншісін істеп жатыр. Енді бір жері қалды. Бірақ, су әлі толып жатыр.

Жағдайды пайдаланып, жақын маңдағы дүкен сатушылары азық-түлік пен тұрмыстық заттардың бағасын шарықтатып жіберіпті. Ал шетелдік жүргізушілердің көбісінде елімізге кірерде санаулы күнге ғана берілетін сақтандыру мен тіркелу құжаттарының мерзімі аяқталған. Енді оларға шекарадан өткенде қомақты айыппұл төлеу керек.

Су шайып кеткен жолдың қашан жөнделіп бітетіні әлі белгісіз. Ал 4 күннен бері жолда тұрған жүргізушілердің азық-түлігі мен ақшасы таусылып барады. Оның үстіне тақыр жерден пайда табам дегендер олардан автотұраққа ақша сұрап жатқан көрінеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде