{metadescription}
Алматы облысы: нөсер салдарынан бөген жарылып, Қызыл-Ағаш елдімекенінде 20 адам қаза тапты
Алматы облысы: нөсер салдарынан бөген жарылып, Қызыл-Ағаш елдімекенінде 20 адам қаза тапты

Алматы облысы: нөсер салдарынан бөген жарылып, Қызыл-Ағаш елдімекенінде 20 адам қаза тапты

Бүгін Алматы облысының бірнеше ауылын топан су басып қалды. Қар мен нөсердің салдарынан бөген бұзылып, Ақсу, Қаратал аудандарындағы бірнеше елдімекендерді су шайып кетті. Ақсу ауданындағы Қызыл-Ағаш ауылында 257 баспана су астында қалса, Қаратал ауданындағы Жылбұлақ елдімекенінде 150-ге жуық үй зардап шеккен. Әсіресе, Қызыл-Ағаштағы жағдай қиын. Соңғы мәліметтерге қарағанда, онда 20 адам қаза тапқан. Төтенше жағдайлар қызметі бірнеше тұрғынның із-түссіз жоғалып кеткенін хабарлады. Қазір облыстағы барлық құтқару қызметі апат салдарын жоюмен және қауіпсіз аймаққа көшірілген 4 мыңға жуық...

рғынға қол ұшын берумен айналысып жатыр.

Бейнетаспа апатты жағдай орын алғаннан кейін бірнеше сағаттан соң түсірілген. Әлі де құтқарушылардың қол жете қоймағаны тосыннан болған су тасқынынан көз жұмған адамдардың мүрделері жиналмағандығынан көрініп тұр. Ал оқиға орнына облыстық ІІД қызметкерлері бірінші болып жеткен. Соңғы мәліметтерге қарағанда, қазір 20 адамның мәйіті табылды. Сондай-ақ, із-түссіз жоғалған 2 адамды іздеу шарасы әлі жалғасуда. Мәліметтерге қарағанда, бөген суының астында Қызыл-Ағаш ауылындағы 257-ден астам үйі қалып қойды. Яғни, ауылдағы үйлердің 70 пайызы қираған. Ең қауіптісі, әлі алда болуы мүмкін. Себебі, онда әр сағат сайын су биіктігінің деңгейі 15 см көтеріліп жатыр.

Шоқан Түкенов, Қызыл-Ағаш ауылының тұрғыны:

- Бәрі түнгі сағат төртте басталды. Не болғанын түсінбей қалдым. Өздеріңіз көріп отсыздар, бәрі қирап қалған. Үйсіз қалдым. Мен сияқтылар мұнда өте көп.

Аман Мұқатаев, Алматы облыстық ІІД Жол полициясы басқармасының инспекторы:

- Ешкімді жіберіп жатқанымыз жоқ. Өйткені, ол жақта қауіпті, арнайы техникамен ғана адамдарды апарып, әкеліп жатырмыз. Қалғандарын көрші ауылдарға жеткізіп жатырмыз.

Сондай-ақ, Қаратал ауданындағы Жылбұлақ ауылында 150-ден астам үйді су басып қалды. Ақпараттарға қарағанда, апаттан мыңға жуық адам зардап шегіпті. Ал Ақсу мен Қаратал ауданында апат салдарын жоюға барлық құтқару қызметі жұмылдырылды. Бір ғана Қызыл-Ағаш ауылында әскерилер, тәртіп сақшылары мен төтенше жағдайлар қызметін қосқанда, 400 адам мен 41 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Бүгін Елбасы табиғат апатының салдарын тез арада жою туралы шұғыл тапсырма берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Менің тапсырмаммен Үкіметтік комиссия жұмыс істеп, белгілі болғаннан кейін Премьер-министр жергілікті жерге барып, тиісті шаралар қолданады... Зардап шеккендердің жанұяларына көңіл білдіреміз. Тиісті көмек көрсетілетін болады.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бастаған комиссия апат орнынан ертең баратын болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде