{metadescription}
Алматы облысы: Қарасай ауданындағы мектеп оқушылары арасында шахматтан біріншілік өтті
Алматы облысы: Қарасай ауданындағы мектеп оқушылары арасында шахматтан біріншілік өтті

Алматы облысы: Қарасай ауданындағы мектеп оқушылары арасында шахматтан біріншілік өтті

Алматы облысының Қарасай ауданындағы мектеп оқушылары арасында шахматтан біріншілік өтті. Аталмыш шараны Тұңғыш президент қоры еліміздің шахмат федерациясымен бірлесіп ұйымдастырды. Ойыншылар тек бас жүлде мен бағалы сыйлықтарға ие болу үшін ғана емес, шахматтан республикалық чемпионатқа қатысуға мүмкіндік алу үшін бәсекеге түсті.

Шахмат турниріне қатысуға ниет білдіргендер саны былтырғыдан екі есе көп. Бүкіл Қарасай ауданындағы 40 мектептен 300-ге тарта оқушы жиналған. Қатысушылар саны шектеулі болған соң, жарысқа әр мектептен 7-8 оқушы ғана іріктелініп алынды. Іріктеу турының тапсырмаларын Алматыдағы физика-математика мектебінің ұстаздары дайындаған. Есепті ерекше жолмен шешкендер шахмат турниріне жолдама алып қана қоймай, Тұңғыш президент қорының сыйлықтарына да ие болды. Сондай-ақ, Қор басшылары шахматты пән ретінде мектеп бағдарламасына енгізуді ұсынып отыр.

Еркін Ысраилов, Қарасай ауданы білім беру қорының атқарушы директоры:

- Келешекте осы турнирді рейтингіге ендірмекшіміз....ФЭДЭ-ге. Жастарға үлкен талпыныс береді деп ойлаймыз. Балаларға табыс тілеймін!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.