{metadescription}
Оң жақ рульді көліктерді тіркеуге алуға рұқсат берілмейтін болды
Оң жақ рульді көліктерді тіркеуге алуға рұқсат берілмейтін болды

Оң жақ рульді көліктерді тіркеуге алуға рұқсат берілмейтін болды

Қазақстан оң жақ рульді көліктерді елімізге қайта кіргізуге келісім бергенімен, оларды тіркеуге алуға рұқсат бермейтін болды. Оң жақ рульді көліктерді елге кіргізу туралы ұйғарым Кеден Одағы елдеріне қатысты ортақ заңдарды орындауға тиіс болғандықтан жасалынып отыр.

Тіркеуге алмау және пайдаланымнан өткізбеу туралы шешімнің елімізде осы күнге дейін жүрген көліктерге еш қатысы жоқ. Бұл тек жаңадан келетін оң жақ рульді көліктерге ғана қатысты. Енді елімізге кіргізілетін, бірақ тіркеуге алынбайтын оң жақ рульді көліктер үшін алғаш рет техникалық уақыт тәртібі жазылатын болады. Бұл республикамыздағы жол қауіпсіздігін одан әрі нығайта түспек. Аталмыш құжат бірінші шілдеге дейін, яғни Кеден Одағы толығымен өз жұмысын бастағанша қабылдануы тиіс. Бұдан кейін елге оң жақ рульді көліктер ағылады деп қауіптенудің қажеті жоқ. «Олар тек бөлшек-саймандар үшін алынуы мүмкін» - дейді Жол полициясы комитетінің басқарма бастығы Қанат Садуақасов. Естеріңізде болса, 2007 жылдың 29-қаңтарынан бастап елімізге оң жақ рульді көліктерді әкелуге тыйым салынған. Себебі, осы көліктерге қатысты республикада жол апаттары мен адам шығынының жиілеп кеткен.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде