{metadescription}
Шығыс Қазақстан: “МИ-8” ұшағында қаза тапқан экипаж мүшелерінің мәйітін облыс орталығына жеткізу мүмкін болмай тұр
Шығыс Қазақстан: “МИ-8” ұшағында қаза тапқан экипаж мүшелерінің мәйітін облыс орталығына жеткізу мүмкін болмай тұр

Шығыс Қазақстан: “МИ-8” ұшағында қаза тапқан экипаж мүшелерінің мәйітін облыс орталығына жеткізу мүмкін болмай тұр

Шығыс Қазақстан облысында апатқа ұшыраған “МИ-8” ұшағында қаза тапқан экипаж мүшелерінің мәйітін облыс орталығына жеткізуге ауа-райының қолайсыздығы кедергі келтіруде. Тіпті Көлік және коммуникация вице-министрі Еркін Дүйсенбаев бастаған арнайы комиссия апат орнын толық зерттей алмай жатыр.

Сегіз адам қаза тапқан тікұшақ апатының себебін анықтау үшін құрылған арнайы мемлекеттік комиссияның жұмысы тығырыққа тірелді. Апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалғанымен, аймақта қатты боранның кесірінен зерттеу жұмыстарын жалғастыру мүмкін болмай тұр. Сондықтан мамандар күн райының оңалуын күтуге мәжбүр. Ал марқұмдардың үшеуі Үржар ауданына жеткізілгенімен, қалған 5 адамның мүрдесін Өскеменге әкелу қиын. Бүгін сол жаққа аттанған тікұшақ ауа райының қолайсыздығынан кері қайтқан. Оқиға орнынан мамандар тікұшақ экипажының орталықпен байланысы жазылатын тергеу жұмыстары үшін ең қажетті дәйек саналатын «қара жәшікті» де таппаған. Сондықтан апат себебі әлі белгісіз. Мамандардың айтуынша, бұл әуе көлігі осыдан 1 жыл бұрын ғана Ресейде күрделі жөндеуден өткен. Сондықтан әлі 5 жыл сапалы қызмет жасауы тиіс болған. Оған қоса Төтенше жағдай департаменті өкілдерінің «тікұшақ әуеде жарылуы мүмкін» деген болжамына қатысты мәселе тек сараптама қорытындысынан соң ғана белгілі болады.

Рүстембек Байжанов, Шығыс Қазақстан облыстық көлік прокуроры:

- «Әуеде жарылды» деген сөзді тағы да айтайын. Оны көрген адамдар болуы керек. Біздің мәліметімізше ондай адамдар жоқ. Сол үшін қандай себеп, не себептен апат болғанын арнайы комиссия қорытынды беріп, сол бойынша шешім қабылданады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.