{metadescription}
Қызылағаш: 20-ға жуық тұрғынның тағдыры әлі күнге дейін белгісіз
Қызылағаш: 20-ға жуық тұрғынның тағдыры әлі күнге дейін белгісіз

Қызылағаш: 20-ға жуық тұрғынның тағдыры әлі күнге дейін белгісіз

Су тасқынынан зардап шеккен Алматы облысындағы Қызылағаш ауылында 20 шақты тұрғынның тағдыры белгісіз болып тұр. Оларды не туыстары, не жергілікті билік өкілдері іздеп таба алмай жатыр. Ал апаттан қаза тапқандар саны 40-қа жуықтады. Аймақта құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда. Кешеден бері Қызылағаш ауылында жүрген тілшіміз Дастан Шымырбай телефон арқылы хабарлайды.

Қызылағашта әлі де төтенше жағдай сақталып тұр. Ресми органдардың мәліметіне сүйенсек, су тасқынынан нақты 37 адам көз жұмған. Қаза тапқандардың басы көпшілігі - әйелдер мен балалар. Бүгінде олардың барлығы дерлік жер қойнына тапсырылды. Бірақ ауылдың ішінде туған-туыстарын таппай, шарқ ұрып жүргендер әлі де көп. Облыстық әкімдіктегілердің есебіне қарағанда, 20-ға жуық адамнан еш хабар жоқ. Олар қазір іздестірілуде. Бұдан басқа, ауылда тағы бір мәселенің шеті қылтиды. Куәгерлер Өскемен-Алматы бағытындағы 27 жолаушысы бар автобус пен тағы бір жеңіл көліктің суға батып кеткенін айтса, аймақтағы басшылар бұл жалған ақпарат деп отыр. Айта кетейік, көпірін су басқан осы бағыттағы жол әлі ашылған жоқ. Қазір ауылға жарық берілді. Апат салдарын жою және гуманитарлық көмек тарату шаралары басталып кеткен. 130-ға жуық отбасы қираған баспаналарына қайтадан оралды. Ауыл ішінде қырылып қалған төрт түлік өлекселері әлі шашылып жатыр. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның мамандары оларды «тездетіп көмбесе, мұнда түрлі ауру тарауы мүмкін» деп дабыл қағуда.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде