{metadescription}
Қарағанды: сары түсті қар жергілікті тұрғындарды біраз әбігерге салды
Қарағанды: сары түсті қар жергілікті тұрғындарды біраз әбігерге салды

Қарағанды: сары түсті қар жергілікті тұрғындарды біраз әбігерге салды

Қарағандыда тосын құбылыс. Бүгін қалада жауып қалған сары түсті қар жергілікті тұрғындарды біраз әбігерге салды. Қардың бұл ерекше түсін мамандар табиғи құбылыспен байланыстырады.

Олардың айтуынша, бұл жайтқа ауа кеңістігіне басқа аймақтарда желмен көтерілген сарғыш құмның әсері болуы мүмкін. Сондай-ақ, олар: "Өндіріс кезінде ауаға өте үлкен көлемде күкірт, мұнай, темір қалдықтары бөлінсе, қардың түсі сарыға боялуы әбден мүмкін", - дейді. Табиғаттың тосын құбылысының денсаулыққа қаншалықты зиянды екені тек химиялық зерттеулерден кейін белігілі болады. Қарға сары түсті химиялық қалдықтар берді ме, әлде оған мыңдаған шақырымдағы қызыл-сары құмдардың әсері болды ма? Мамандар алдымен осыны анықтау үшін сараптама жүргізуде.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде