{metadescription}
Биыл Қазақстан халқы Наурыз мерекесін ресми түрде 3 күн атап өтеді
Биыл Қазақстан халқы Наурыз мерекесін ресми түрде 3 күн атап өтеді

Биыл Қазақстан халқы Наурыз мерекесін ресми түрде 3 күн атап өтеді

Биыл Қазақстан халқы Наурыз мерекесін ресми түрде 3 күн атап өтеді. «Мемлекеттік мерекелер туралы» Заңға мұндай өзгерту өткен жылы енгізілген. Осыған байланысты Наурыз айының 21-23 аралығы демалыс күндері деп саналады. Мереке күндерінің ұзартылуына байланысты биыл Наурыз мейрамы елімізде кең ауқымда аталып өтілмек.

Оның алғашқы шаралары бүгін Астанада басталып та кетті. Дәл қазір Елорданың ең еңселі сарайларының бірінде «Наурыз нұры» атты мерекелік концерт өтуде. Оған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сол жерде Қазақстан халқын мерекемен құттықтады. Елбасы: «Наурыз - қыстың қаһары қайтып, Табиғат ана қайта түлейтін, адамзатты ұлтына, тілі мен дініне бөлейтін жалпыға ортақ мереке» - деді. Қазақ халқы Ұлыстың ұлы күнін қандай сұрапыл жылдар болса да, ақ пейілмен дастархан жайып, ақ тілекпен қарсы алғанын атап өтті. «Сондықтан да татулықты бірінші кезекке қоятын еліміз үшін Наурыз мерекесінің маңызы ерекше» - деді мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Президент Жаңа жылдың осы Наурыз күнінен басталғанын дұрыс деп есептейтінін білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Біздің Жаңа жылымыз осы мерекеден басталса, дұрыс болар еді. Қытайда бар ғой. Әлі күнге дейін Петр -1 алып келген қаңтарынан жүрміз әлі күнге дейін. Сондықтан биыл біз табиғи жаңа жылымызды кең ауқымда, бүкілхалықтық деңгейде көтеріңкі көңіл күймен, ерекше салтанатпен жаңа мазмұнда тойлағалы отырмыз. Қазақстанда бұдан өзге бірде-бір мереке ресми түрде 3 күнге созылмайды. Бұл да біздің мәдени мұрамызды ұлықтап, ұлттық құндылығымызды ерекше қадірлеуіміздің жарқын бір айғағы.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде