{metadescription}
Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтың тағдыры жайында жаңа деректі фильм түсірілді
Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтың тағдыры жайында жаңа деректі фильм түсірілді

Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтың тағдыры жайында жаңа деректі фильм түсірілді

“Триумфатордың трагедиясы”. Осындай атпен әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтың тағдыры жайында жаңа деректі фильм жарыққа шықты. Кинотуынды белгілі Ресей ғалымы, әдебиеттанушы Николай Анастасьев романының желісімен түсірілген. Деректі фильмге әйгілі жазушының өмірі мен шығармашылығы арқау болды.

Бұл Мұхтар Әуезов жайында түсірілген бірінші фильм емес. Бұған дейін де жазушының тағдыры киногерлердің, зертеушілердің және ғалымдардың назарынан тыс қалған емес. Дегенмен фильмнің түсірілу жұмыстарына қатысқан Мұрат Әуезов туындыда әкесінің өміріндегі «кейбір құпия тұстары ашылған» дейді.

Мұрат Әуезов, Мұхтар Әуезовтың ұлы:

- Біразы ашылды - ол кісінің тегі. Өйткені әкеміздің ата-бабалалары «шөл-сахара арабтары, біздің бабаларымыз сол жақтан» деп жазып кеткені бар. Осыған қосымша, әкеміздің өміріндегі өте қиын жағдайлары. Мысалы, 50-жылдары оны қолға түсіреміз деп ордер жазылған. Бірақ жақсы адамдар арқылы әкеміз Мәскеуге қашуға мәжбүр болды деуге болады. Жұрт бұл жағдайды көп айтпайды.

“Триумфатордың трагедиясы” фильмі дәл осылай деп аталатын мәскеулік ғалым Николай Анастасьев кітабының желісімен түсірілген. Автор Мұхтар Әуезов жайында деректерді іздеу үшін 1 жыл уақытын сарп етіп, бүкіл Қазақстанды аралап шығыпты. Жазушыны көзімен көрген адамдармен сұхбаттасып, әрбір шығармасын саралаған. “Абай жолы” романы авторының тағдыры режиссер Александр Головинскийдің де назарын аударды.

Александр Головинский, “Триумфатордың трагедиясы” фильмінің режиссері:

- Ұлы жазушы Алматыдағы түрмеде отырды. Қазақстандық шенеуніктердің қуғын-сүргінінің нәтижесінде Мәскеуге қашты. Біз жазушының тағдырына бейжай қарай алмаймыз. Түсірілім жұмыстары Санкт-Петербургте, Мәскеуде, Семейде, Жетібайда, Түркістанда, Ыстықкөлде, Бішкекте және Алматыда өтті.

Көшпенді халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт дәстүрі мен мәдениетін шынайы көрсеткен жазушының әйгілі “Абай жолы” романы бүкіл әлем тілдеріне аударылып, әдебиеттің шырқау шыңына шыққанын бар қазақ мақтанышпен айтады. Фильмның “Триумфатордың трагедиясы” деп аталуы да сол себептен. Жақын күндері деректі фильм телеарналардан көрсетіледі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде