{metadescription}
Шымкентте полиция қызметкерінің киімін киіп, елді алдаған алаяқ қыз қолға түсті
Шымкентте полиция қызметкерінің киімін киіп, елді алдаған алаяқ қыз қолға түсті

Шымкентте полиция қызметкерінің киімін киіп, елді алдаған алаяқ қыз қолға түсті

Шымкентте полиция қызметкерінің киімін киіп алып, елді алдаған алаяқ қолға түсті. Өзін «жол полициясының аға лейтенантымын» деп таныстырған 19 жастағы бойжеткен шымкенттіктерге жол полициясындағы кез-келген мәселені шешуге уәде берген. Атап айтқанда, белгілі бір мөлшердегі сома үшін "жол тәртібін бұзғандарға айыппұл көлемін азайтамын, жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін, жол полициясына жұмысқа орналастырамын" деген.

Бұл Қазақстан полициясының жаңа киім үлгісі емес, жасалған қылмыстың айғағы. 19 жасар бойжеткен осы форманы киіп, жол полициясына келген азаматтардың ақшасын алдап алып отырған. Ол тіпті мектептегі еңбек сабағынан алған білімін кәдеге жаратып, полиция қызметкерінің формасын өз қолымен тігіпті.

Зүлфия , күдікті:

- Мектепте тігуді үйретті ғой. Өзім тіктім. Кейін погондарды жапсырып, тіктім...

Зүлфия құрығына жол ережесін бұзған жүргізушілерді түсіруге тырысыпты. Бойжеткен оларға салынған айыппұл мөлшерін азайтып, құжаттарын алып беруге уәде берген. Полиция қызметкерінің киімін киген қызға азаматтардың да сенімі шексіз болған көрінеді. Мәселен, жол полициясына қызметке тұрғысы келген бір жігіт оған 3,5 мың АҚШ долларын ұстата салыпты. Әзірге күдіктіге алданған 6 азамат белгілі болды. Келтірілген шығын мөлшері 800 мың теңгені құрап отыр.

Серік Шалқаров, ОҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы:

- Бұл жәбірленушінің соңғысы емес. Тағы да болуы мүмкін деген ойымыз бар.

Полицияның мәліметінше, бойжеткеннің бұл кәсіппен айналыса бастағанына жарты жыл уақыт болған. Оңай олжаға құныққан қыз өзінің ауылда тұратын ата-анасын да алдап келіпті.

Зүлфия, күдікті:

- Шешем: «Форманы қайдан алдың? Ақшаны қайдан алып жатырсың?» деп сұрайтын. МАИ-да жұмыс істеп жатырмын деп айттым.

Бойжеткеннің алаяқтықпен айналысып жүргенін ата-анасы түгілі, жол полициясына қарасты процессинг орталығының қызметкерлері де аңдамапты. Зүлфиядан тәп-тәуір тігінші шығуы мүмкін. Бірақ енді ол өмірінің біраз бөлігін темір тордың ар жағында өткізетін болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде