{metadescription}
Қарағанды: нұсқаушыны атып өлтірген жауынгерге қатысты тергеу ісі аяқталуға жақын
Қарағанды: нұсқаушыны атып өлтірген жауынгерге қатысты тергеу ісі аяқталуға жақын

Қарағанды: нұсқаушыны атып өлтірген жауынгерге қатысты тергеу ісі аяқталуға жақын

Қарағанды облысындағы әскери бөлімшелердің бірінде нұсқаушыны атып өлтірген жауынгерге қатысты тергеу ісі аяқталуға жақын. Енді бұл оқыс оқиға үшін бөлімшенің басшылығы жауап беруі мүмкін.

№22750 әскери бөлімшесіндегі оқиғаға қатысты тергеу ісі екі айға созылды. Оқиға барлаушылардың түнгі уақытта нысананы дәл көздеп ату жаттығуы барысында орын алған. Мергендердің біреуі атқан оқ нысанадан 20 метр қашықтықта тұрған нұсқаушының басына тиіп, аға лейтенант сол жерде қаза тапты. Полицияның алдын ала болжамы бойынша, қайғылы жағдайға жауынгер қолындағы мылтықтың серпіліс кезінде белгіленген нысанадан ауытқып кетуі себеп болуы мүмкін. Оған қоса, әскери прокуратура өкілдері оқу-жаттығу барысында бөлімшеде «тиісті қауіпсіздік шаралары сақталмаған» деп отыр. Оқ атқан жауынгерге қатысты қандай жаза қолданылатыны әзірге белгісіз. Бірақ құзырлы органдар осы әскери бөлімшенің басшылығына қатысты “міндетіне жауапсыздықпен қарау салдарынан аса ауыр жағдайға алып келді” деген айыппен қылмыстық іс қозғамақ.

Қайрат Мыңжанов, ҚР Қорғаныс министрлігі тәрбие және әлеуметтік-құқықтық департаментінің бастығы:

- Меніңше, жауынгердің өз әріптесін қасақана өлтіруге себебі болған жоқ. Қараңғыда нысанадан көз жазып қалуы әбден мүмкін. Яғни, бұл жерде қауіпсіздік шараларының сақталмағаны анық.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.