{metadescription}
Павлодар: бүлдіршіндердің жаппай улануына балабақша аспазы  себепкер болған
Павлодар: бүлдіршіндердің жаппай улануына балабақша аспазы  себепкер болған

Павлодар: бүлдіршіндердің жаппай улануына балабақша аспазы себепкер болған

Павлодардағы балабақшалардың бірінде болған улану оқиғасының себептері анықталды. Мамандардың айтуынша, балалар стафилококк бактериясы бар ботқадан уланған. Ал жұқпалы ауруды балабақшаның аспазы таратқан. Төтенше жағдай өткен аптада орын алған еді.

Мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілері таңғы астан кейін өздерін нашар сезінген. Бір тәуліктің ішінде дәрігерлер 50 балаға медициналық көмек көрсетіп, 18 бүлдіршінді аурухана жатқызған болатын. Құқық қорғау органы әзірге тек улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған еді. Ал СЭС мамандары арнайы тексеру барысында көптеген заңбұзушылықтарды анықтады: балабақша қызметкерлері дәрігерлік тексеруден өтпеген, медбике тамақтың сапасын тексермеген, азық-түлік дұрыс сақталмаған. Балабақша уақытша жабылды. Қазір мектепке дейінгі мекеме меңгерушісін, медбикені және аспазды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда.

Зайпа Шадиева, Павлодар облыстық Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім бастығы:

- Зертханалық тексеру бойынша, балабақшада істейтін аспазшыдан стафилококк табылып отыр. Ол бірнеше күн ауырған. Бірақ, дәрігерге мүлдем қаралмаған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.