{metadescription}
Исландия: екі мұздақтың ортасынан жанартау атқылап жатыр
Исландия: екі мұздақтың ортасынан жанартау атқылап жатыр

Исландия: екі мұздақтың ортасынан жанартау атқылап жатыр

Исландия тұрғындары осымен 5-ші күн қатарынан таңғажайып құбылыстың куәсі болуда. Ел астанасы Рейкьявиктен 120 шақырым қашықтықта екі мұздақтың ортасынан жанартау атқылап жатыр.

Осыған байланысты жақын маңдағы елдімекендерде су тасқыны болуы мүмкін деген қауіп бар. Сондықтан тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілуде. Жергілікті билік аймақта төтенше жағдай жариялап, жақын маңдағы әуежайлардың қызметі мен жол қатынасын уақытша тоқтатуға мәжбүр. Ал әлем ғалымдары үшін бұл өңір зерттеу орталығына айналуда. Исландияға әлемнің ең мықты деген ғалымдары барып, мұздақ ортасынан атқылаған жанартауды зерттеуде. Соңғы рет бұл жанартау осыдан 200 жыл бұрын атқылаған екен. Мамандардың айтуынша, енді осы құбылыс кем дегенде, бір немесе екі жылға жалғасады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде