{metadescription}
Шығыс Қазақстан: 11 мыңға жуық мал басы қырылып, 160 үй жарамсыз деп табылды
Шығыс Қазақстан: 11 мыңға жуық мал басы қырылып, 160 үй жарамсыз деп табылды

Шығыс Қазақстан: 11 мыңға жуық мал басы қырылып, 160 үй жарамсыз деп табылды

Шығыс Қазақстан облысында баспанасын су басып қалған тұрғындар саны өсіп келеді. Бүгінге дейін аймақтағы 7 мыңнан астам адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, 400-ден астам үй мүлдем жарамсыз болып қалған. Ал өңірді аралап жүрген еліміздің Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко: «Бұл тасқынның тек бастамасы ғана, енді күн жылынса, жағдай бұдан да қиындауы мүмкін» - деп мәлімдеді.

Тасқын судан ең көп зардап шегіп жатқан - Тарбағатай ауданының халқы. Бұл өңірде 5 ауылды су басқан. Әсіресе Жанікей, Көкжыра, Есім, Көктүбек ауылдары. Аталмыш ауылдардағы 4 мыңнан астам халық қауіпсіз орындарға жеткізілді. Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ, бірақ мал шығыны көп. Алдын ала болжам бойынша, қырылған мал саны 11 мың бастан асады. Құтқару жұмыстарына республиканың түкпір-түкпірінен құрылымдық күштер жұмылдырылуда. Ағын судың тереңдігі кейбір жерде 1 жарым метрге жеткен. Ал Тарбағатай ауданындағы жағдайдың аса қиындығын сол ауданның халқы ғана жақсы біледі. Мал-мүліксіз, оның үстіне баспанасыз қалған тұрғындар енді қалай күн көреміз деп алаңдаулы.

Мейрам Оралов, Ақсуат ауылының тұрғыны:

- Адамдардың жағдайы ауыр. Келешекте үйді қайда қалай салып береді? Құрылыс жағдайын білесіз, үй, мал саны жағынан Қызылағашты орап кетті. Бір ауылдан 240 үй деген масқара ғой! Кетті, бес ауыл...

Су тасқынын облыс орталығының халқы да күтіп отыр. Қала маңындағы кішігірім өзендердегі суды еріту үшін коммуналдық шаруашылық мамандары кәдімгі қайнаған суды қолдана бастады. «Су ағысын реттеп, арналарды кедергілерден босату үшін осыдан басқа амал жоқ», - дейді әкімдіктегілер.

Гүлфариза Рамазанова, Өскемен қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы:

-Біз осы амал арқылы су арналарын тазартып отырмыз. Яғни, судың еркін ағуына жағдай жасаймыз.

Ал Өскеменнің іргесіндегі Ұлан ауданында тасқын қаупіне орай уақытша көшірілген 900 тұрғын қайтадан ауылдарына оралды. Бірақ жағдай мұнымен тұрақталар емес. Мамандардың айтуынша, қазір аймақта ауа райы қайта суығандықтан, су тасқыны қаупі уақытша сейілді. Алайда сынап бағанасы жоғарыласа, су басқан ауылдардың қатары өсуі мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде