{metadescription}
Су тасқынынан Алматы облысының өзге де өңірлері зардап шегуде
Су тасқынынан Алматы облысының өзге де өңірлері зардап шегуде

Су тасқынынан Алматы облысының өзге де өңірлері зардап шегуде

Су тасқынынан Алматы облысының өзге де өңірлері зардап шегуде. Қарасай ауданындағы Алғабас ауылының бірнеше үйін су шайып кетті. Тұрғындар жоғарғы жақтан аққан суға өздері бөгет жасап амалдауда. Оларға билік орындарынан ешкім көмектесер емес. Меруерт Бауыржанқызы оқиға орнына барып қайтты.

Екі аптадан бері жоғарғы жақтан толассыз ағып жатқан қар мен жаңбыр суы, сондай-ақ, жер асты сулары үй аулаларын саз балшыққа айналдырған. Игісіновтер отбасы “еккен бау-бақшамызды қайта жасау керек” деп қынжылады. Ауладағы суды сорғызу үшін зейнеткерлер 1 түнде 18 мың теңге төлепті.

Ғалия Сафиева, Алғабас ауылының тұрғыны:

- Үш-төрт күн болды. Су ауылдың бас жағынан су келді. Балшық суға жаңбыр, қар суы қосылып, есіктің алдына дейін жетті. Алдын бәрін жауып тастаған. Жерді дұрыс жоспар бойынша бермеген. Елдің бәрі өз бетінше көтере берген жерді. Арықтың бәрі өрге шыға алмай қалған.

Үй қожайындары жақын маңдағы көршілермен бірігіп көшеде арық қазып, суды төменгі жаққа ағызып жіберіпті.

Бес күн бұрын бұл сайда салынған екі үйді ауылдың жоғарғы жағынан аққан су құлатып тастады. Қазір бұл жерге 2,5 мың шаршы метр су жиналып тұр. Мамандардың айтуынша, су жазық далаға қарай көтерілмейді. Сондықтан оны үйлердің арасымен ағызуға тура келеді.

Жұрт арасында бірнеше күннен бері дау туды. Өйткені кейбір тұрғындар суды үйлердің арасымен ағызуға қарсы.

Забара Өтегенова, Алғабас ауылының тұрғыны:

- Бөген жасап, пәленбай су астында қалып кететіндей. Бізге «мына жерді тесіп, былай жібереміз» дейді. Бірден тескен кезде Қызылағаштың кебін киеміз ғой.

Қайғылы оқиғаны еске түсірген тұрғындар өмірлері үшін қауіптенсе, әкім-қаралар бұл аймақтағы жер телімдері кезінде «ережеге сай үлестірілмеген» дейді. Өйткені жаңадан салынған үйлер ерінді суды ағызатын арнайы арықтар мен құбырларды бітеп тастаған. Судың сай-салаға ақпай, ауыл ортасына жиналғаны да сол себептен.

Дархан Шыныбеков, Ақсай ауылдық округі әкімінің орынбасары:

- Тұрғындар мына «жазық далаға қарата қазындар» дейді. Өйтуге болмайды. Ол су деңгейінен 4 метр биіктікте тұр. Кеше түнімен 11-ге дейін қаздырды. Балшық су, керісінше бері қарай келіп жатыр.

Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай жылда қайталанады. Өйткені ауылдың жоғарғы жағында бұрын саз-балшықты жер болған. Күн жылыған сайын жер асты сулары көтерілетін көрінеді. Ауыл тұрғындары биліктің бұл мәселеге ерекше мән беруін сұрайды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде