{metadescription}
Қызылағаш: су тасқынынан қаза тапқандардың саны 43 адамға жетті!
Қызылағаш: су тасқынынан қаза тапқандардың саны 43 адамға жетті!

Қызылағаш: су тасқынынан қаза тапқандардың саны 43 адамға жетті!

Алматы облысындағы Қызылағаш ауылында болған су тасқынынан қаза тапқандардың саны 43 адамға жетті. Өткен мерекелік демалыс күндері жүргізілген іздеу жұмыстары кезінде су шайған ауылдың етегінен жас жігіт пен 2 жастағы сәбидің мүрдесі табылды. Қазіргі уақытта із-түссіз кеткен тағы 2 адамды іздестіру шарасы жалғасуда. Олардың біреуі аяғы ауыр әйел екен.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қазір елдімекендегі апат салдарын жою жұмыстары тоқтатылып, жаңа үйлердің құрылысын бастау шарасы қолға алынған. Ауыл тасқын судан қырылып қалған төрт түліктің өлекселерінен де түгелдей тазартылды. Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов құрылыс жұмыстарын тез арада бастап, тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттары мен спорт зал, қоғамдық монша секілді маңызды нысандардың барлығы 4 айдың ішінде аяқталуы тиіс деп отыр. Ал осы төтенше жағдайға байланысты ашылған шотқа 2 млрд. 225 млн. теңге түскен. Гуманитарлық көмек те осы Қызылағашқа күн сайын елдің әр аймағынан, тіпті көршілес Қырғызстаннан да келіп жатыр. Айыр қалпақты ағайындар ауыл тұрғындарына арнап 12 жүк көлігімен киім-кешек, азық-түлік жіберді. Айта кетейік, биыл 12 наурызда нөсер жауын мен қардың еруі салдарынан Алматы облысының Қызылағаш ауылындағы бөген жарылып, 3 мыңға жуық тұрғыны бар елдімекенді түгелдей су шайып кеткен болатын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде