{metadescription}
Бокс: еліміздің жасөспірімдер құрама командасы халықаралық турнирдің бас жүлдесін иеленді
Бокс: еліміздің жасөспірімдер құрама командасы халықаралық турнирдің бас жүлдесін иеленді

Бокс: еліміздің жасөспірімдер құрама командасы халықаралық турнирдің бас жүлдесін иеленді

Бокстан еліміздің жасөспірімдер құрама командасы Талдықорғанда аяқталған халықаралық турнирдің бас жүлдесін иеленді. Жетісу төріндегі жарыс Қазақстан құрамасы үшін сәуір айының соңында Бакуде жалауын көтеретін әлем чемпионаты алдындағы соңғы сынақ болды.

Бакуде өтетін әлем чемпионатына дайындалып жатқан еліміздің құрамасы үшін Талдықорғандағы командалық турнирдің мәні зор. Олай дейтініміз, жас өрендеріміз тура бір айдан кейін Баку шаршы алаңында өздеріне қарсы тұратын Әзірбайжан мен кубалық құрдастарымен бақ сынасып көрді. Бірі әлем чемпионатының қожайыны, екіншісі бокс әлеміндегі озық елдің бірі саналатын Әзірбайжан мен Куба ертең Баку шаршы алаңында біздің басты қарсыластарымыз болары анық. Әсіресе Жетісудағы жарыстың Қазақстан жасөсіпірімдер құрама командасының жеңісімен аяқталғаны қуантады. Жеңіспен жігерленген жастарымыз Бакуде де алған беттерінен қайтпас деген ойдамыз. Ал Талдықорғандағы командалық бәсекеде Әзірбайжан, Куба, Қазақстан және Алматы облысының жас шеберлері күш сынасты. Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы бетпе-бет 8:5 есебімен біздің ұландардың пайдасына шешілсе, Кубаның 4:5 есебімен Алматы облысынан жеңілуі көпшілікті таңырқатты. Бостандық аралынан келген мықтылардан мерейін асырған жетісулықтар келесі күні Әзірбайжанға жол беріп алды. Мұндағы есеп - 1:10. Ал алғашқы кездесудегі жеңіліс шымбайына қатт батса керек, кубалықтар осы күні 6:4 есебімен Назар Ильясов баптайтын еліміздің үздік боксшыларын қапы қалдырды. Бірақ, Атланта олимпиадасының чемпионы Майкро Ромеро бастап келген Куба құрамасы жарыстың соңғы күні тағы да жеңіліс тапты. Бұл жолы мұхит асып келген қонақтарымыз 5:6 есебімен Әзірбайжаннан ұтылды. Есесіне Алматы облысының боксшыларын жеңген Қазақстан құрамасы жарыс қорытындысы бойынша бас бәйгені иеленсе, Әзірбайжан күміс, ал кубалық қара маржандар қола медальды місе тұтты. Сәуір айының соңында Бакуге аттанатын еліміздің жастар құрамасынан дәл осындай нәтиже күтеміз.

2007 жылдан бері Еуропа футболының тізгінін ұстап келе жатқан Мишель Платини келесі жылы өтетін президенттік сайлауға өз кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеді.

УЕФА басшысының екінші президенттік мерзімге ұмтылысы конгресске жиналғандар тарапынан зор қолдау тапқандай болды. Өйткені Мишель Платинидің президенттік сайлауға қатысты мәлімдемесін жылы қабылдаған көпшілік оған қол соғып қошемет көрсетті. Осыған қарағанда 2011 жылы Парижде өтетін УЕФА-ның кезекті конгресінде Платини мырзаның жақтаушылары оны жер қаратпаса керек. Сондай-ақ, Тель Авивтегі конгресс барысында Еурокубок жолындағы жарысқа қатысатын клубтардың қаржысын бақылайтын арнайы орган құрылатыны жөнінде де сөз болды.

“Гоу Эхед Иглз” клубының қақпасына жауапсыз алты гол соққан “Аякс” Голландия кубогі жолындағы жарыстың ақтық сынында “Фейеноордпен” күш сынасады.

Қарсыластарын жаттығуда жүргендей ойнап жүріп ұтқан “Аякс” футболшылары жартылай финалды тамашалауға жиналған жанкүйерлердің де мейірімін бір қандырып тастады. Бақандай алты гол жіберген “Гоу Эхед Иглз” тағы бір жылға Голландия кубогінен қол үзсе, амстердамдық футболшылар ақтық сынды асыға күтетін болады. Оларды алдағы шешуші бәсекеде осы күні “Твентеге” дес бермеген байырғы қарсыластары “Фейеноорд” күтіп тұр. Мәртебелі кубок сарапқа түсетін финалдық матч 25-сәуір күні Роттердамдағы “Де Кейп” стадионында өтеді.

Бразилия чемпионатының төменгі дивизионының бірінде футбол тарихында сирек кезедсетін оқиға орын алды.

Шектен асқан футбол жанашырларын тоқтатудың бір амалы көзден жас ағызатын газ екені жұртқа белгілі. Футбол матчтары кезінде орын алған жаппай төбелесті осындай газдың күшімен басатын полиция жасағы бұл жолы “Генус” клубының шабуылшысы Робсонның “көз жасына” қалыпты. Ойын тәртібін бұзғаны үшін алаңнан қуылған Робсон төрешінің шешіміне қарсы шығып, оның жағасынан алған. Амалын таппаған төрешіге көмекке келген полицилер қаһарына мінген футболшыны алаңнан алып кету үшін көзден жас ағызатын газды қолдануға мәжбүр болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде