{metadescription}
М.Әуезов атындағы драма театрындағы дәстүрлі фестиваль Сәбира Майқанованың рухына арналмақ
М.Әуезов атындағы драма театрындағы дәстүрлі фестиваль Сәбира Майқанованың рухына арналмақ

М.Әуезов атындағы драма театрындағы дәстүрлі фестиваль Сәбира Майқанованың рухына арналмақ

М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында 27-наурыз халықаралық театр күніне орай ұйымдастырылатын дәстүрлі фестиваль шымылдығы жаңа премьерамен ашылды. Биыл 11-рет өтіп жатқан фестиваль әйгілі актриса, КСРО Халық артисі Сәбира Майқанованың рухына арналып отыр.

Есімін мәрмәр тасқа емес, адамдардың жүрегіне жазып кететін тұлғалар болады. Солардың бірегейі Сәбира Майқанова болса керек. Актрисаның аты айтылған жерде әрдайым аналық пен даналықтың лебі қатар есіп келеді.

Әубәкір Рақымов, М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының режиссері:

- Сәбира апай - театрымыз шымылдығын ашқаннан кейін қазақ сахнасына келіп, бүкіл қазақ аналарының, бүкіл қазақ әйелдері образының галереясын жасап кеткен ұлы актриса.

Әртістік әлдекімдер ойлағандай жеңіл кәсіп емес.Театрда трагедия мен комедияны қатар алып жүру одан да қиын шаруа. Соның бәрін ұршықша үйіру табиғи дарынның ғана қолынан келеді.

Рахилям Машурова, актриса:

- Ол кісі комедия рөлін қалай ойнаса, 32 тісі көрініп тұратын, трагедия ойнаса, бүкіл зал жылайтын. Күліп тұрып жылайтын, жылап тұрып күлетін актриса.

Театр фестивалін сахна марқасқаларына арнау жыл сайынғы дәстүрге айналды. «Биылғы шараның Сәбира Майқанованың рухына бағышталуы оның аруағы алдындағы құрметіміз», - дейді театр басшысы.

Есмұхан Обаев, М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі:

- Ұлы актрисаға арнап тақта ашылмақ, ұлы актрисаға арнап ас берілмек, ұлы актрисаға арнаған көрмеміз тұр.

Сәбира Майқанованың есімін елі ешқашан ұмытпайды. Өнердің құдіретімен «Алты алаштың анасы» атанған өнерпазды бүгін бар қазақ мақтан тұтады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.