{metadescription}
Жақсылық Досқалиев: «С» гепатитін және ақ қан ауруын жұқтырған балаларға дәрі-дәрмектер 2 айдың ішінде жеткізіледі

«С» гепатитін және ақ қан ауруын жұқтырған балаларға емдік дәрі-дәрмектер 2 айдың ішінде жеткізіледі. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, дәрі-дәрмекті елге жеткізу жұмыстарымен канадалық фармацевтикалық компания айналысады.

Жақсылық Досқалиев, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Барлық аурулар, әсіресе биыл 2010 жылы бүкіл балалар «С» гепатитімен ауырған, тек лейкемия емес. Басқа да жерде ауырған барлық балаларға тегін медициналық көмек көрсетіледі және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

Тендерді жеңіп алған шетелдік компания дәріні шығаруға кірісіп кеткен көрінеді. Олар арнайы препаратты сироп түрінде шығарады. Дегенмен дәріні өндіріп, елімізге жеткізу үшін 2 ай көлемінде уақыт керек екен. Естеріңізге салсақ, 100-ден астам баланың «С» гепатитін жұқтырғаны туралы ата-аналар өткен жылдың аяғында шу көтерген еді. Бірақ талай зерттеу мен тергеу амалдарының нәтижесінде балалардың қауіпті кеселді қайдан және қалай жұқтырғаны әлі анықталған жоқ.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.