{metadescription}
Өскемен: Ертіс өзеніндегі көшпе мұзда қалған төрт жасөспірім құтқарылды
Өскемен: Ертіс өзеніндегі көшпе мұзда қалған төрт жасөспірім құтқарылды

Өскемен: Ертіс өзеніндегі көшпе мұзда қалған төрт жасөспірім құтқарылды

Өскеменде еріп, ойылған мұзда қалып қойған 4 жасөспірім құтқарылды. Кейін анықталғандай, олар Ертіс өзенінің ағынымен жылжып бара жатқан мұз үстінде ойнамақшы болған. Алайда қаперсіз балалардың ермегі қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады.

Балалар мұзбен саяхаттауға кәдімгідей дайындалған болса керек. Құтқарушылардың айтуынша, олар тіпті ескектің орнына қарапайым ұзын таяқтарды қолданған. Абырой болғанда, өзен ағысымен төмен сырғыған мұзды қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері кездейсоқ байқап қалып, балаларды жағаға аман-есен алып шығыпты. Олар көктемгі күн шуағына еріп жатқан мұз ыдыраса, қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін еді дейді.

Марина Лискова, Өскемен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз хатшысы:

- Балалар өзен бойымен біздің басқарма орналасқан тұсқа дейін жылжып келген. Оларды кездейсоқ терезеден байқадық. Бірнеше минуттан соң құтқарушылар балаларды жағаға алып шығып, тәртіп сақшыларының қолына тапсырды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.