{metadescription}
Бразилияда су тасқынынан 100-ден аса адам қаза тауып, 50-ге жуығы із-түссіз жоғалып кетті
Бразилияда су тасқынынан 100-ден аса адам қаза тауып, 50-ге жуығы із-түссіз жоғалып кетті

Бразилияда су тасқынынан 100-ден аса адам қаза тауып, 50-ге жуығы із-түссіз жоғалып кетті

Бразилияда толассыз жауған жауынның арты су тасқынына айналды. Соның салдарынан 100-ден аса адам қаза тауып, тағы 50-ге жуығы із-түссіз жоғалып кеткен.

Табиғаттың тосын мінезінен Рио-де-Жанейро қаласы қатты зардап шекті. Аймақта соңғы екі күнде жауынның екі айлық мөлшері түскен. Соның салдарынан мыңдаған үйлер мен ғимараттар су астында қалып, көшелерде бірнеше шақырымдық көлік тығындары пайда болды. Әсіресе, тау бөктеріндегі аудандарда жағдай тым қиын. Мұнда жүздеген үй лай көшкінінің астында қалған. Қазір апат аймағында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Елде қаралы күн жарияланды. Айта кетейік, Рио-де-Жанейрода 2014 жылы футболдан әлем чемпионаты өтуі тиіс.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.