{metadescription}
Таразды түгел топан су басады деген қауесет халық арасында дүрбелең туғызды
Таразды түгел топан су басады деген қауесет халық арасында дүрбелең туғызды

Таразды түгел топан су басады деген қауесет халық арасында дүрбелең туғызды

Кеше түнде көрші Қырғызстандағы “Киров” су қоймасы жарылады деген ақпарат тарағалы бері, үрейленген қала тұрғындары үй-жайын тастап, қауіпсіз жерлерді паналамақ болған. Қаладан шығатын тас жолдарда көлік кептелісі бірнеше шақырымға жетті. Қазір құзырлы органдар жалған ақпапарат таратқан қаскөйлерді анықтап жатыр.

Тараздан 40 шақырым жерде орналасқан “Киров” су қоймасының жарылғандығы туралы ақпарат кеше кешкі сағат сегіздер шамасында тараған. Көршілес Қырғызстандағы келеңсіз жағдайды естіген жұрт бұл ақпараттың қаншалықты рас екендігіне мән бермесе керек. Бірі көршілес Жуалыға беттесе, енді біразы қала сыртындағы биік шатқалдардан пана іздемек болыпты. Шымкент бағытындағы тас жолда көлік тығыны 5 шақырымға дейін жеткен. Жағдайдың ушығып бара жатқанын түсінген облыс әкімі Қанат Бозымбаев түнгі 1-де, жергілікті телеарна арқылы облыс халқын сабырға шақырды. Әкімнің айтуынша қазіргі уақытта аталған су қоймасында жиналған судың көлемі қауіпті межеден анағұрлым төмен. Басшылықтың мәлімдемесінен кейін ғана тұрғындар түнгі сағат үштер шамасында үйлеріне орала бастады. Қазір құзырлы органдар елді дүрліктірген бұл жалған ақпараттың қайдан шыққанын анықтап жатыр. Ал, жергілікті билік «Киров» су қоймасын қатаң бақылауда ұстап отырғандарын айтады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.