{metadescription}
Қызылағаш ауылын қалпына келтіруге тағы 5 млрд. теңгеге жуық қаржы қажет
Қызылағаш ауылын қалпына келтіруге тағы 5 млрд. теңгеге жуық қаржы қажет

Қызылағаш ауылын қалпына келтіруге тағы 5 млрд. теңгеге жуық қаржы қажет

Су тасқынынан зардап шеккен Қызылағаш ауылын қалпына келтіруге тағы да 5 млрд теңгеге жуық қаржы қажет. Бүгін Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов Үкіметке осындай өтінішін білдірді. Әкімнің есебінше, Қызылағашқа келген шығынды жоюға, жалпы алғанда, шамамен 8 млрд. теңге керек екен.

Ал бұған дейінгі Үкіметтен, аймақтардан бөлінген, ұлттық компаниялар мен қайырымдылық қорлардан жиналған ақша 3 млрд. 100 миллион теңгені құраған. Алайда бұл қаржының жеткіліксіз екенін айтқан облыс басшысы Серік Үмбетов Премьер-министрден қосымша қаржы бөлуді сұрады. Алматы облысындағы қайғылы оқиғаның орын алғанына бүгін тура бір ай болды. Апаттан ауылдың 45 тұрғыны көз жұмды. Облыс әкімінің айтуынша, осы айдың ішінде ғана қайта жөндеуден өткен 45 үй тапсырылуы тиіс. Ал Премьер-министр қосымша қаржы бөлуге қатысты қаулыны ертеңнен қалдырмауды тапсырды.

Жетісу өңірінде қауіп сейілгенімен, Шығыс Қазақстандағы жағдай әлі мәз емес. Бұл өңірде тағы да су тасқыны болуы мүмкін. Осыған байланысты Үкімет басшысы тиісті органдарға сақтық шараларын әлі де қатаң түрде жүргізуді тапсырды. Айта кететін жағдай, бұл аймақта 600-ге тарта адам әлі интернаттарда қалып отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде