{metadescription}
Болат Өтемұратов ТМД елдеріндегі дәулетті 100 адамның арасынан орын алды
Болат Өтемұратов ТМД елдеріндегі дәулетті 100 адамның арасынан орын алды

Болат Өтемұратов ТМД елдеріндегі дәулетті 100 адамның арасынан орын алды

Болат Өтемұратов ТМД еліндегі ең бай 100 адамның арасынан орын алды. Президенттің штаттан тыс кеңесшісі, АТФ банктің бұрынғы қожайыны болған ол жалпы тізімде 74-ші орынға іліксе, қазақстандық байлардың арасында 8-орынға табан тіреген.

Болат Өтемұратов 1947 жылы Атырауда дүниеге келген. 1982 жылдан бастап сауда саласында еңбегін бастаған ол, 2007 жылы Президент әкімшілігіне де жетекшілік етті. Бүгінде Президенттің штаттан тыс кеңесшісі, Қазақстан Республикасы теннис федерациясының президенті қызметінде Өтемұратовтың жиған-терген мүлкінің көлемі 1 млрд 100 миллион доллардан асқан. Осылайша еліміздегі миллиардерлердің тізімі тағы бір кәсіпкермен толықты. Жалпы, бұған дейін Форбс жорналы дәулеті 1 млрд. доллардан асқан қазақстандық байлардың саны 7-у деп көрсеткен болатын. Оған сәйкес, еліміздегі ең бай адам ретінде 4 млрд. доллардан астам қаржысымен «Қазақмыстың» қожайыны Владимир Ким аталса, жалпы тізімге әртүрлі қаражатымен Александр Машкеевич, Патох Шодиев, Алиджан Ибрагимов, Тимур және Динара Құлыбаевтар мен Нұржан Сұбханбердин іліккен болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде