{metadescription}
Қытайдың батысында жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 617 адамға жетті
Қытайдың батысында жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 617 адамға жетті

Қытайдың батысында жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 617 адамға жетті

Қытайдың батысында жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 617 адамға жетті. Тағы 300-ден астамы іс-түссіз жоғалғандар қатарында. Ал, 10 мыңдай тұрғын түрлі жарақаттармен аурухаларға жеткізілген. Дәрігерлер оның мыңнан астамының жағдайы тым ауыр деп отыр.

Күші 7,1 баллдық жойқын зілзала кеше елдің солтүстік-батысында Цинхай провинциясында орын алған еді. Жер асты дүмпунің кіндігіне жақын Юйшу уезіндегі ғимараттардың 95 пайызы жермен жексен болған. Ондаған мың адам баспансыз қалды. Қазір құтқарушылар күні-түні құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Табиғат апатының зарбадын жою үшін 5 мың жауынгер жұмылдырылған. Бірқатар қиындықтар да туындап отырған көрінеді. Техниканың аздығын былай қойғанда, автокөлік жолдардың тас талқаны шыққан. Сондықтан, зардап шекендерді уақытылы жақын маңдағы ауруханаларға жеткізу қиындап кеткен. Тіпті, дәрі-дәрмек, азық-түлік, ауыз суға дейін жетпей жатыр. Сондай-ақ, сейсмологтар жер сілкінісінің жақын арада қайталануы мүмкіндігін жоққа шығармайды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.