{metadescription}
Исландияда атқылаған жанартау кесірінен Еуропада 10 млн. адам діттеген жерлеріне жете алмай жатыр
Исландияда атқылаған жанартау кесірінен Еуропада 10 млн. адам діттеген жерлеріне жете алмай жатыр

Исландияда атқылаған жанартау кесірінен Еуропада 10 млн. адам діттеген жерлеріне жете алмай жатыр

Исландияда атқылаған жанартаудың түтінінен бүкіл Еуропада 6 мың әуе рейсі кейінге қалдырылып, 10 млн. адам діттеген жерлеріне жете алмай жатыр. Табиғаттың тосын мінезінен әуе компаниялары қазірдің өзінде 500 млн доллар шығын келген.

Осыдан 3 апта бұрын оянған жанартаудың күлі мен түтіні 15 мың шаршы шақырымға тарап, Еуропадағы үзілген әуе байланыстарын ретке келтіруге мүмкіндік бермей отыр. Соның салдарынан миллиондаған жолаушы бірнеше күннен бері әуежайларда түнеуге мәжбүр. Ал жанартаудың түтінінен улану қаупін ескерткен дәрігерлер тұрғындарды далаға шықпауға шақыруда. Мамандар табиғаттың тосын мінезінің қаншаға созылатынын айта алмайды. Айта кетейік, аталған жанартау соңғы рет осыдан 200 жыл бұрын оянғанда, 2 жыл бойы атқылаған болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.