{metadescription}
Әділет министрінің жаңа жауапты хатшысы тағайындалды
Әділет министрінің жаңа жауапты хатшысы тағайындалды

Әділет министрінің жаңа жауапты хатшысы тағайындалды

Әділет министрінің жаңа жауапты хатшысы тағайындалды. Енді бұл лауазымды қызметті осыған дейін аталмыш министрлікте вице-министр болып келген Марат Бекетаев атқаратын болды. Бұл орын жыл басынан бері бос тұрған. Өйткені осыған дейін бұл қызметті атқарған Самат Әбіш қаңтар айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кадрлар жөніндегі департаментіне ауыстырылған болатын.

Жаңа жауапты хатшы Марат Бекетаев бұған дейін-ақ қалың бұқараға «танымал» болып үлгірді. Ол Әділет вице-министрі бола тұра осыдан бір жыл бұрын өзінің көлікті мас күйінде жүргізбегенін дәлелдеуге тырысып, жол полицейлерімен соттасқан. Естеріңізге сала кетсек, Марат Бекетаевты астаналық жол полицейлері ішімдік ішіп көлік жүргізген жерінен ұстаған болатын. Алайда вице-министр жол полицейлерінің айыбын мойындамады. Шулы іс Бекетаевтің жеңісімен аяқталды. Өйткені бұл істі қараған Астана қалалық ауданаралық әкімшілік соты жол полицейлерінің кейбір процессуалды қателіктер жібергенін сылтауратып, істі қарауды тоқтатып тастады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде