{metadescription}
Польшадағы кезектен тыс президент сайлауы 20-шы маусымда өтеді
Польшадағы кезектен тыс президент сайлауы 20-шы маусымда өтеді

Польшадағы кезектен тыс президент сайлауы 20-шы маусымда өтеді

Польшадағы кезектен тыс президент сайлауы 20-шы маусымда өтеді. Бүгін бұл жайында осы ел президентінің міндетін атқарушы, Парламент спикері Бронислав Коморовский хабарлады.

Польша Конституциясына сәйкес сайлау мерзімі оның уақытын белгілеген күннен бастап 60 күннен кейін өтуі тиіс. Ал үміткерлер 50 пайыз дауыс жинай алмаған жағдайда, екінші тур 4-ші шілдеде өтпек. Сарапшылардың пікірінше, саяси додада дәл осы Бронислав Коморовскийдің жеңіске жетуі әбден мүмкін. Қазір оны ел халқының 35 пайызы қолдап отыр. Коморовскийдің ең басты қарсыласы ретінде Лех Качинскийдің сыңары, экс-премьер Ярослав Качинскийдің аты аталуда. Дегенмен Ярослав өз кандидатурасын ресми түрде әлі тіркемеген. Естеріңізге сала кетейік, 10-шы сәуірде Польшаның бұрынғы президенті Лех Качинский жұбайымен және тағы жоғары лауазымды 94 шенеунікпен бірге Ресейдің Смоленск қаласының түбінде әуе апатынан қаза тапқан.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.