{metadescription}
Алматыда “жедел жәрдем” көлігі құбырдан атқылаған ыстық судың астында қалды
Алматыда “жедел жәрдем” көлігі құбырдан атқылаған ыстық судың астында қалды

Алматыда “жедел жәрдем” көлігі құбырдан атқылаған ыстық судың астында қалды

“Жедел жәрдемге” де көмек керек болды! Бүгін Алматыда бір медициналық көлік құбырдан атқылаған ыстық судың астында қалып қойды.

Ерғали Кұрлығожаев, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі:

-Адамның басымен бірдей үлкен тастар сумен бірге аспанға қарай атқылағанда, көліктің есігін аша алмай қалдық. Үш минуттың ішінде көліктің іші суға толып кетті.

20 минуттан кейін келіп жеткен құтқарушылар бірден құбырды бітеуге кірісті. Олардың айтуынша, апатқа құбырларды тексеретін мамандар кінәлі. Олар әр жылу маусымы аяқталысымен жоғары қысыммен су жүргізіп, магистарльдардың жарамдылығын тексереді. Алайда, көп жағдайда құбырлар шыдамай, осылайша жарылып кетеді екен. Кеше ғана Алматы орталығында дәл осындай жағдай орын алған еді. Соның салдарынан жақын маңдағы көпқабатты үйлердің терезелері сынды. Әйтеуір шығынды тұрғындарға сақтандыру компаниялары өтеп беретін болып келісілді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде