{metadescription}
Шымкентте адвокаттың өліміне қатысты аса ауыр қылмыс ашылды
Шымкентте адвокаттың өліміне қатысты аса ауыр қылмыс ашылды

Шымкентте адвокаттың өліміне қатысты аса ауыр қылмыс ашылды

Шымкентте адвокаттың өліміне қатысты аса ауыр қылмыс ашылды. 24 сәуір күні қаладағы белгілі адвокат Күлара Адамбаева өз үйінде айуандықпен өлтірілген болатын. Күдікті ізін жасыру үшін үйді өртемек болған.

Сол кезде пәтердегі түтінді байқаған тұрғындар өрт сөндіру қызметіне бірден хабарлаған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ол жерден 69 жастағы адвокаттың мәйітін тапқан. Күлара Адамбаева ұзақ жылдар бойы судья қызметін атқарып, зейнетке шыққаннан кейін адвокаттық салаға ауысқан болатын. Сараптама қорытындысы бойынша, оның буындырылғаны және кеудесіне бірнеше жерден пышақ сұғылғаны анықталды. Бұл қылмысты Адамбаеваның қызметімен байланыстырған тәртіп сақшыларының күдігі расталып, көп ұзамай 1982 жылы туған Өзбекстандық азамат ұсталды. Ол осыдан біраз уақыт бұрын ұялы телефон ұрлағаны үшін қамауға алынған екен. Сол кездегі оның қорғаушысы Күлара Адамбаева оны қылмыстық жауакершіліктен арашалап қалыпты. Осы қызметі үшін ол күдіктіден еңбекақысын талап еткен. Алайда беретін ақша таппаған 28 жасар жігіт өзін қорғаған адвокатты өлтіруді жөн көрген.

Серік Шалқаров, ОҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы:

-Ол жерде 40 мың ба, сондайға келіскен. Соны адвокат жақтап береді. Екі жақтың татуласуымен іс қысқартылады. Ол жерде ешқандай заң бұзушылық жоқ. Ол кісі айтады ғой «менің сыйақымды бер» деп. Ол төлей алмайды. Сөйтіп жүріп, ақырынды үйіне барып өлтіріп кетеді.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.