{metadescription}
Астанадағы жауынгерлер аналарының комитеті Ішкі Істер министрлігін сотқа берді
Астанадағы жауынгерлер аналарының комитеті Ішкі Істер министрлігін сотқа берді

Астанадағы жауынгерлер аналарының комитеті Ішкі Істер министрлігін сотқа берді

Астанадағы жауынгерлер аналарының комитеті Ішкі Істер министрлігін сотқа берді. Өкілетті органға әскери қызметкердің өліміне қатысты істі тергеуде немқұрайлық танытты деген айып тағылып отыр. Оқиға өткен жылдың тамыз айында болған. Жамбыл облысының Гвардейский ауылындағы № 21-450 әскери бөлімінде қатардағы жауынгер көз жұмды. 21 жасар Павел Сергиенко Отан алдындағы борышын үш ай ғана өтеп үлгірді. Әріптестері оны белбеуде асылған күйінде тауыпты.

Мәселенің мән-жайын анықтаған Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу басқармасы жауынгер өзіне қол салды деген болжамды алға тартты. Дегенмен сот-дәрігерлік сараптама марқұмның денесінде көптеген жарақаттардың болғанын анықтаған. Тергеу басқармасы болса, қылмыстық іс қозғауға негіз жоқ деген байламға келген. Жауынгерлер аналарының комитеті министрліктен Павел Сергиенконың отбасына 5 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуді талап етпек. Қылмыстық іс алдағы уақытта да ашылмаған жағдайда қоғамдық ұйым Қорғаныс министрлігімен де соттасуға дайын.

Людмила Костенко, Астанадағы жауынгерлер аналары комитетінің төрайымы:

- Сергиенкомен бірге әскери борыштарын өтеген сарбаздардың барлығымен әңгіме жүргізіледі. Олар мерзімді қызметтерін аяқтайды, сондықтан шындықты айтуға дайын. Таяуда жігіттер Павелдың ата-анасына да барып, мән-жайды жеткізген. Олардың сөзіне қарағанда, жауынгер өзін өзі өлтірген жоқ, оны мүлдем өзге жерде соққыға жыққан. Бұдан кейін ғана сол жерге әкеп тастады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде