{metadescription}
Көкшетауда 109 жасқа келген қария алғашқы төлқұжатын алды
Көкшетауда 109 жасқа келген қария алғашқы төлқұжатын алды

Көкшетауда 109 жасқа келген қария алғашқы төлқұжатын алды

Көкшетау тұрғыны Қазына Ысмаилованың өмірінде айтулы оқиға. 109 жасқа келген қария бүгін қолына алғашқы төлқұжатын алды. Әжейдің өзі де, жақын-туыстары да бұл жағдайға бұрын аса мән бермегенін айтады. Ал қалалық әділет басқармасындағылар қарт әжейдін барын, оның ешқайда тіркелмегенін өткен жылғы санақ кезінде кездейсоқ анықтаған екен.

Қазына Ысмаилова бұл күні бір емес, бірден екі жаңа құжатты қолына алды. Туу туралы куәлік пен жеке куәлік қарияға қалалық әділет басқармасында салтанатты түрде тапсырылды. Қазына әжей айтулы шараға өзі келді.

1901-ші жылы Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында дүниеге келген Қазына әжей көрмеген қиындығым жоқ дейді. Екі соғыста жақындарынан айырылған қария 1941-ші жылы Ресейдің Омбы облысына көшіп барыпты. 42-ші жылы жолдасы Нұралы майданға аттанғанда, емшектегі ұлымен жалғыз қалған. Отағасы сол күйі майданнан оралған жоқ. Кейуана жалғыз ұлымның арқасында туған жеріме жеттім дейді.

Қазына Ысмаилова, Көкшетау қаласының тұрғыны:

-Құдайға шүкір, Алланың берген бақытының, жалғыздың арқасында осындай жақсы өмір сүріп отырмын. Немере, шөберелерім бар. Құдандалы болып қызық көріп отырмын.

Осы уақытқа дейін қарияның мемелекеттік органдардың назарынан тыс қалып келгені таңдандырады. Туыстары соғыс жылдары құжатын жоғалтқан әжейдің өзі бұл іске аса ниет білдірмеген соң, қозғамадық дейді. Оған қоса отбасына ұйытқы болған қария ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген, немере, шөберелерінің тәрбиесімен ғана айналысыпты.

Майра Ысмаилова, әжейдің келіні:

-Омбыда болғанда документ болмаған. Одан кейін керек қылмадық. Бір бабушканы асырай алмаймыз ба деп. Содан перепись жүргенде сұрап, іздедік.

6 немере мен 10 шөбере сүйген 109 жастағы қария әлі де тың. Алғашқы құжатымды алғаннан бері өзімді қайта туғандай сезінемін дейді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.