{metadescription}
О.Сүлейменовтың этимологиялық сөздігінің 1-ші томы жарыққа шықпақ
О.Сүлейменовтың этимологиялық сөздігінің 1-ші томы жарыққа шықпақ

О.Сүлейменовтың этимологиялық сөздігінің 1-ші томы жарыққа шықпақ

“1001 сөз”, жазу мен тілдер қалай пайда болды? Жақында Олжас Сүлейменовтың осы сұрақтарға жауап беретін этимологиялық сөздігінің 1-ші томы жарыққа шығады. Бұл туралы Алматыға арнайы келіпғ, студенттермен кездесу өткізген ақынның өзі айтты.

Олжас Сүлейменов, ақын, қоғам қайраткері:

- Қазір үлкен бір кітап жазып жатырмын, «1001 сөз» деген. Ол кітабымды 45 жыл жазып жүрмін.

Бүгін ақынның туған күні, ол 74 жасқа толып отыр. Қазір Парижде тұрып жатқан Олжас Сүлейменов Алматыда мамырдың 21-не дейін болады. ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі қазір де өзі құрған “Невада-Семей” қозғалысының жұмысын жалғастырып келеді. Ол осы айда үлкен конференция ұйымдастырып, онда ядролық полигонға қатысты мәселе көтермек. Оның айтуынша, ядролық сынақтардан зардап шеккен халыққа әлі дұрыс деңгейде көмек көрсетілмей жатыр. Ақынмен кездесуге келген студенттер оған тікелей сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Кезінде волейбол мен шахматтан дес бермеген айтулы азамат осы күнге дейін спортпен шұғылданатынын жеткізді. Бірақ көп жағдайда уақыты бола бермейді екен. Олжас Сүлейменовпен кездесуге ялдролық полигонды жабуға атсалысқан Амантай қажы Асылбек те келді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде