{metadescription}
ШҚО: 6 мың жылдық тарихы бар археологиялық ескерткіш жойылып кетуі мүмкін
ШҚО: 6 мың жылдық тарихы бар археологиялық ескерткіш жойылып кетуі мүмкін

ШҚО: 6 мың жылдық тарихы бар археологиялық ескерткіш жойылып кетуі мүмкін

Шығыс Қазақстан облысында 6 мың жылдық тарихы бар Ақбауыр археологиялық ескерткіші жойылып кетуі мүмкін. Әлі зерттеліп бітпеген таудың әр тасы ежелгі таңбалар мен суреттерге толы. Қазір бұл бірегей жәдігерді тұрғындар көңіл көтеретін демалыс орнына айналдырған. Демалушылар ол жерге есімдерін жазып қана қоймай, тастарын құрылысқа пайдаланып жатыр. Өңірдегі өлкетанушылар бұл мәселені көтеріп дабыл қақққанымен, қандай да бір әрекет жасауға қауқарсыз. Өйткені жәдігерлер мемлекет тарапынан қорғауға алынбаған. Көз алдымызда құрып бара жатқан археологиялық ескерткіш жөнінде - Эльмира Ахметова....

b>

Өскеменнен 30 шақырым қашықтықта орналасқан Ақбауыр жартасы туралы болжамдар көп. Сирек кездесетін жосамен таңбаланған ескерткіш әлемде екеу ғана деседі. Енді бұл жәдігердің де жер бетінен құрып, зерттеу жүргізуге мүлдем жарамсыз болып қалуы мүмкін. Жергілікті тұрғындар Ақбауырды демалатын орынға айналдырып жіберген.

Ғалымдардың есептеуінше, Ақбауырдың тастарында қашалған петроглифтер қола дәуіріне жатады. Тарихшылар мен археологтар бұл жерді теңдесі жоқ бірегей орын деп танып, әлемдік мәдени мұралардың тізіміне енгізуді ұсынған. Бірақ Ақбауыр әлі күнге дейін мемлекет тарапынан қорғауға алынбай отыр.

Елена Куликова, ШҚО ғылыми зерттеу орталығының маманы:

- Мыңдаған жылдар бұрын жазылған тастарды қашап, бүлдіру - нағыз айуандық. Оның үстіне, бұл тастарды халық құрылыс материалдары ретінде пайдаланады. Осы маңайдағы қыстақтың тұрғындары тіпті қора-қопсыларын да таудың тасынан қалайды.

Дегенмен қыстақ тұрғындары бұл жерді бүлдіретіндер «қаладан келетін қонақтар» дейді.

Төлеген Ипақов, қыстақ тұрғыны:

-Тіпті қыста та келеді Жазда машинасы батып жүре алмаса да, бірін-бірі сүйреп жүреді. Түрлі адамдар бар ғой. Біреу сындырады, сызады... атын жазады.

Облыс шенеуніктері бұл жағдайды назарда ұстап отырғанын алға тартады. Ал онымен тікелей айналысуға қаржы мәселесі қолбайлау болуда. Ақбауырдың маңайын қоршап, оны қалыпқа келтіру үшін кем дегенде, 8 жарым миллион теңге қажет екен.

Әлішер Беспалинов, ШҚО тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мемлекеттік мекемесінің директоры:

- Смета құжаттарын дайындап министрлікке жібердік. Бір-екі жылда емес, құдай қаласа, осы жылдың аяғына дейін бұл мәселе шешілуі мүмкін.

Қазір экологиялық орталықтың қызметкерлері Ақбауыр тауына апта сайын экскурсия ұйымдастырып, балаларға тарихи ескерткішті таныстыру ісін қолға алған. Өлкетанушылардың айтуынша, жағдай өзгермесе, болашақ ұрпақ бұл жәдігерлерді фотосуреттен ғана тамашалуы мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде