{metadescription}
Батыс Қазақстанда орын алған экологиялық апаттың себебіне байланысты пікірлер екіге жарылды
Батыс Қазақстанда орын алған экологиялық апаттың себебіне байланысты пікірлер екіге жарылды

Батыс Қазақстанда орын алған экологиялық апаттың себебіне байланысты пікірлер екіге жарылды

Батыс Қазақстандағы киіктердің тек пастереллездан қырылуы мүмкін емес! Бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген ғалымдардың осы мәселеге байланысты пікірлері екіге жарылды. Бірі осыған дейін айтылған ресми мәлімет «дұрыс» десе, енді бірі онымен келіспей отыр.

Естеріңізге салсақ, Батыс Қазақстанда Қызыл кітапқа енген киіктің 12 мың басы қырылған. Аймақта тексеру жүргізген мамандар дала жануарларының жаппай өлуіне жұқпалы пастереллез ауруы себеп болған деген алдын-ала қорытынды жасап үлгерді. Бұған байланысты қылмыстық іс те қозғалды. Ал бүгін бірқатар ғалымдар біржақты қорытынды жасауға «әлі ерте» екенін айтты. Кейбір ғалымдардың ойынша, экологиялық апаттың пастереллезден де басқа себебі болуы мүмкін. Мысалы, дала жануарлары қоршаған ортадан улануы ықтимал. «1988 жылы Торғай өңірінде 20 мың киік қырылғанда еліміздің мамандары оны «пестереллезден» деп, жылы жауып қоя салған», - дейді ғалымдар.

Аманкүл Бекенов, Зоология институтының профессоры, биология ғылымдарының докторы:

- Киіктер қырылған маңдағы Ресейдің Капустин яр, Азир полигондарының әсері болуы мүмкін. Екінші бір себеп, Атырау зауыттарында соңғы кездері улы заттардың жарылысы болған дейді, ол атмосфераға тарайды да, ауаны зақымдайды.

Дала жануарларының бұлай жаппай қырылуы тіпті шетелдік ғалымдарды да таң қалдыруда. Сондықтан осының себебін анықтау үшін жақын арада Қазақстанға халықаралық сарапшылар шақыртылуы мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде