{metadescription}
Қырғызстанның Уақытша Үкіметі жаңа Конституция жобасын әзірледі
Қырғызстанның Уақытша Үкіметі жаңа Конституция жобасын әзірледі

Қырғызстанның Уақытша Үкіметі жаңа Конституция жобасын әзірледі

Қырғызстанның Уақытша Үкіметі жаңа Конституция жобасын әзірлеп шықты. Оған сәйкес, қазіргі Президенттіктің орнына Парламенттік басқару жүйесі енгізіледі. Яғни Президенттің құзыры шектеліп, биліктің негізгі тетіктері Парламеттің қолына өтеді. Атап айтқанда, Президент елдің қаржы, экономика саласына және биліктің кадр саясатына араласа алмайды.

Жаныш Рүстенбеков, Қырғызстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Енді Премьер-министр Үкіметтегі барлық кадрлық мәселені өзі шешетін болады. Сондықтан да ол өзі тағайындаған әрбір министрдің әрекеті үшін тікелей жауапты болмақ.

Дегенмен мемлекет басшысы Жогорку Кенеш Үкіметке сенімсіздік танытқан жағдайда Министрлер кабинетін отставкаға жіберуге немесе Парламетті таратуға құқылы. Президент 6 жыл мерзімге бір-ақ мәрте сайланады. Яғни, елдің қазіргі уақытша президенті Роза Отынбаеваның келесі сайлауға түсуге құқы болмайды. Жаңа Конституцияны енді 27 маусымға белгіленген жалпыхалықтық референдумда қырғыз халқы мақұлдауы керек.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.