{metadescription}
Алматы: балабақша кезегінде әлі 22 мың бүлдіршін тұр
Алматы: балабақша кезегінде әлі 22 мың бүлдіршін тұр

Алматы: балабақша кезегінде әлі 22 мың бүлдіршін тұр

Алматыдағы балабақша мәселесінің шешілер түрі көрінбейді. Тек соңғы бір жыл ішінде қалада мектепке дейінгі 7 мекеме ашылса да, кезекте әлі 22 мың бүлдіршін тұр. Ал қымбат жекеменшік балабақшаларды қалтасы көтермейтін ата-аналар күндіз-түні әкімдік алдында кезекке тұруға мәжбүр.

Бір аптадан бері аудандық әкімдіктің алды кезек күткен адамдарға толы. Өйткені бүлдіршіндерді балабақшаға орналастыру науқаны басталып кетті. Баласының тәуір бала-бақшаға орналасуын қалайтын ата-аналар күні-түні кезек күтіп әлек.

Роза Мақашева:

- Кеше таңғы 5-те келіп, кешкі 8-де кеттім осы жерден.

Айгүл Әтемқұлова:

- Келгелі 1198-ші болып тұрмыз. Енді біздің кезегіміз жеткенше балабақшада орын қала ма, ол да мардымсыз.

Аналардың көбі кезекке аяғы ауыр кезінде тұрған. Қазір балаларының алды 3-4 жасқа келіп қалды. Бірақ кезектің жылжитын түрі жоқ.

Көбеген Бекшәріпов:

- 2008 жылдан бері кезекте тұрмыз. Кезегіміз келген кезде өздері-ақ балабақшаны біліп, ретімен үйімізге хабар беріп шақыруына болады ғой, ұзақ кезекте сарылтпай-ақ!

Қазір қалада 22 220 бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Білім басқармасы мамандары мұны демографиялық дүмпумен байланыстырады. Олардың айтуынша, 2003-жылдан бері бала туу 1 жарым пайызға артқан. Ал бүлдіршіндердің бәрін қаладағы 173 балабақшаға сыйғызу мүмкін емес.

Людмила Сеилова, Алматы қалалық Білім басқармасының бас маманы:

- Кеңес Одағы кезінде қалада 369 балабақша болған. 73 пайыз балалар балабақшаға барса да, бізде кезекте 19-20 мың бала тұратын. Биыл қалада 7 жаңа балабақша салынды. Қазір 2 балабақша салынып жатыр Думан, Дархан ықшамаудандарында. Екі балабақша салынады.

Сондай-ақ жеке қолға өтіп кеткен тағы 5 балабақша қайтарылмақ. Бірақ мұның бәрі 22 мың бүлдіршінді сыйғыза алмасы анық. Ал ата-аналар мемлекеттік балабақша тапшылығынан жекеменшік балабақшаға қыруар ақша төлуге мәжбүр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде