{metadescription}
Петропавл: филармония қызметкерлері қаралы әуенмен наразылық шарасын бастады
Петропавл: филармония қызметкерлері қаралы әуенмен наразылық шарасын бастады

Петропавл: филармония қызметкерлері қаралы әуенмен наразылық шарасын бастады

Петропавл қаласының филармониясы өз бетімен күн көруі тиіс. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылып келген мәдени ошақ енді жеке шаруашылық есепке көшірілмекші. Биліктің бұл жобасына наразы болған өнер қайраткерлері қаралы әуенмен қарсылық көрсетуде.

Үш оркестр, үш ансамбль және камералық хорда жалпы 160-тан астам адам еңбек етеді. Олардың айтуынша, бүгінде концерт қойып күн көру мүмкін емес. Қазірдің өзінде 30 мың теңгеден аспайтын жалақығы қарап отырған олар мекеме жеке шаруашылық есепке көшсе, мүлдем жабылып қалуы да мүмкін дейді. Дегенмен жергілікті билік мәдениет дербес күн көрсе өркендеп, гүлдене түседі деген сенімде. Қала басшылығы өнер қайраткерлеріне қолдау көрсету масатында бұрын-соңды болмаған балет труппасын да шақырмақшы. Әзірге 30 мың теңге айлыққа бола шақыруды құп көріп отырған ешкім жоқ.

Қайырлы Ғафуров, «Есіл» оркестрінің көркемдік жетекшісі:

- Онсыз да музыканттардың еңбекақысы көп емес. Көбісі бір жұмыста ғана, осы филармонияда ғана қызмет атқарып жатыр. Сондықтан да бүгінгі жағдай болатын болса, бүгінгі қазақ өнері, тек қазақ өнері емес, бүкіл мәдениетке балта шабылады деп ойлаймын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде