{metadescription}
Өскемен: жол сақшылары көліктерді орталық көшеге қоюға тыйым салды
Өскемен: жол сақшылары көліктерді орталық көшеге қоюға тыйым салды

Өскемен: жол сақшылары көліктерді орталық көшеге қоюға тыйым салды

Өскемендік жүргізушілер жаңа тәртіпке үйреніп жатыр. Жергілікті жол сақшылары маусымның басынан бастап қала орталығында көліктердің тұруына тыйым салып отыр. Қазір бұл жерлерде жүздеген ескерту белгісі орнатылған. Ал жаңа тәртіпке көнгісі келмегендерге қомақты айыппұл салынады. Жол сақшыларының айтуынша, шара қаладағы көлік қозғалысын біршама жеңілдетпек. Дегенмен жаңа тәртіптен жаңа мәселелер туындады. Жүргізушілер енді көлігін үйлердің ауласы мен балалар алаңқайына қоюға мәжбүр.

Жаздың басы өскемендік жүргізушілер үшін жағымсыз жаңалықтан басталды. Жол полициясы қала орталығындағы тығынды азайту үшін бұл жерге көлік қоюға қатаң тыйым салды. Ұсынысты қолдаған әкімдіктегілер шараның алғашқы нәтижесіне оң баға берді. Шенеуніктердің айтуынша, көліктің жөнсіз қойылуы коммуналдық қызметтің жұмысына кедергі келтіріп, көлік қозғалысын қиындатады. Енді олар жүргізушілерге көлігін ақылы тұрақтарға қоюға ұсыныс білдіріп отыр. Өскеменде мұндай тұрақтардың саны - 90.

Гүлфариза Рамазанова, Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы:

- Біз тұрақтардың иелеріне өтініш білдіреміз. Осы жағдайды пайдаланып тұрақ ақысын көтерудің қажеті жоқ. Менің білуімше, бір сағат тұрғаны үшін олар жүргізушілерден 50 тенге, ал күні бойы тұрса 200 тенге ақы алады. Меніңше, бұл жүргізушілер үшін үлкен қиындық туғызбауы керек.

Бірақ өскемендік жүргізушілер көлігін ақылы тұрақтарға қоюға асығар емес. Қазір жол шетіндегі үйлердің ауласы мен балалар алаңқайы темір тұлпарларың тегін тұрағына айналған. Бұл жағдай жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызуда. Олар «баламызбен аулаға шығудан қалдық» дейді. Ал жүргізушілер көлікті күн сайын ақылы тұраққа қоюға «мүмікіншілігіміз жоқ» деп отыр.

Қанат, көлік жүргізушісі:

- Көлігімізді аулаға тастап кетеміз. Басқа амалымыз жоқ.

Енді таяуда жүргізушілер бұл мүмкіндіктен де айырылуы мүмкін. Жол сақшылары көліктерін аулада қоюды әдетке айналдырған азаматтарға әкімшілік жаза қолданады. Олар таяу күндері қалада арнайы рейд ұйымдастырмақшы.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде