{metadescription}
Павлодар: облыстық прокуратураның жаңа ғимаратына қатысты дау туды
Павлодар: облыстық прокуратураның жаңа ғимаратына қатысты дау туды

Павлодар: облыстық прокуратураның жаңа ғимаратына қатысты дау туды

Павлодарда салынғалы жатқан облыстық прокуратураның жаңа ғимаратына қатысты дау шықты. Өйткені бақылаушы органның бас кеңсесі Ертіс жағалауындағы саябақ аумағында тұрғызылмақшы. Құрылыс жұмыстарын бастауға жергілікті шенеуніктер рұқсат беріп отыр. Бірақ заң бойынша су қорғау аймағында қандай да бір нысанның тұрғызылуына тыйым салынған. Экологтар енді саябақтағы жүздеген ағаш шабылады деп дабыл қағуда.

Жасыл желекке оранған Ертіс жағалауы қала тұрғындарының серуендейтін сүйікті орны. Жуық арада бұл жерде облыстық прокуратураның ғимараты бой көтермек.

Айман Қадырова, Павлодар қаласының тұрғыны:

- Ғимаратты салатын бұдан да басқа жерлер қалада көп, мына жақын маңда. Осыны алып тастамай-ақ, қайта әдемілеп, балалармен қыдыратын жер болса, тіпті оңды болар еді.

Облыстық прокуратураның қазіргі орналасқан жері қала орталығының маңайында. Қасында Сот, Статистика басқармасы мен спорт мектебі бар. Оған қоса бұл ғимарат өткен жылы ғана күрделі жөндеуден өткізілген.

Мамандардың айтуынша, құнды қарағай тоғайының шабылуы қала экологиясына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Татьяна Пономарева, эколог:

- Бұл жер тұрғындардың серуендейтін сүйікті саябағы. Ағаштардың шабылуы қоршаған ортаның ластануына да тікелей әсер етеді.

Табиғатты қорғау прокуратурасы әріптестерінің мұндай әрекетін түсінбей отыр. Себебі, су қорғау аймағында құрылыс жұмыстарын жүргізуге заң бойынша өткен жылдан бері тыйым салынған.

Марат Байболатов, Павлодар облыстық табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі:

- Қазіргі кезде Ертіс жағалауында тұрғын үй құрылысына жер телімдері берілмейді. Жағалаудан 100 метр қашықтық су қорғау аймағы саналатындықтан, заң бойынша онда құрылыс жүргізуге тыйым салынған.

Ал облыстық прокуратура өкілдерінің айтуынша, жер телімін жергілікті әкімдіктің өзі бөлген. Бірақ осы сауалмен тиісті мекемелерге жолыққанымызда, ондағылар мәселені бір-біріне сілтеумен болды.

Саян Бектұрғанов, Павлодар қалалық жер қатынастары бөлімі бастығының орынбасары:

- Құрылысқа рұқсатты біз бермейміз. Бұл су шаруашылығы басқармасының құзырында. Олар рұқсат бергеннен кейін, біз оған тосқауыл бола алмаймыз.

Қазбек Баймағамбетов, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы бастығының орынбасары:

- Павлодар облыстық прокуратурасының жаңадан ғимарат салуына біздің мекеме тек қана келісім береді, ал құрылысқа рұқсатты ГАСК деген мекеме береді.

Ертіс жағалауындағы жасыл желектерді қайта қалпына келтіру үшін мамандардың есебінше 15 жылдай уақыт керек. Прокурорлар кесілген бір қарағайдың орнына қала ішінде 10 тал егеміз деп уәде беріп отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде