{metadescription}
«Қазсатқа» жұмсалған қаржыны қайтару үшін келіссөздер әлі де жалғасуда
«Қазсатқа» жұмсалған қаржыны қайтару үшін келіссөздер әлі де жалғасуда

«Қазсатқа» жұмсалған қаржыны қайтару үшін келіссөздер әлі де жалғасуда

Құрдымға кеткен «Қазсат» жерсерігіне жұмсалған қаржыны қайтару үшін келіссөздер әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Бұл жайында бүгін Парламент Мәжілісінде депутаттың қойған сұрағына жауап берген Қаржы министрі Болат Жәмішев айтты.

Естеріңізде болса, 2006 жылы Ресейдің Хруничев атындағы Ұлттық ғарыш орталығында құны 65 млн доллар тұратын “Қазсат” жерсерігі құрастырылып, екі ел басшыларының қатысуымен Байқоңыр ғарыш айлағынан сәтті ұшырылған болатын. Бірақ «Қазсаттың» ғұмыры ұзаққа созылмады, 2008 жылдың қарашасында жерсерік жерден басқару бұйрықтарын елемей ғайып болды. «Қазсатты» сақтандырған ресейлік компаниядан тиісті өтемақыны қайтарып алу осы күнге дейін мүмкін болмай отыр. Үкімет басындағылар өтемақыны қайтару үшін екі ел арасындағы келіссөздің жүріп жатқанын соңғы екі жылдан бері айтып келеді.

Уәлихан Қалижанов, Мәжіліс депутаты:

- Мәлім болып отырғандай, «Қазсат» жоғалған жағдайда сақтандыру компаниясы 7,4 млрд теңге сақтандыру қарызын төлеуі тиіс болатын. Одан Үкіметтің хабары бар ма? Ол неге төленбей отыр?

Болат Жәмішев, ҚР Қаржы министрі:

- Дәл қазір сақтандыру компаниясымен арада келіссөздер жүріп жатыр. Бұл процесс әлі тоқтаған жоқ.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде