{metadescription}
Бангладеш: Даккада болған алапат өрттен 116 адам қаза тапты
Бангладеш: Даккада болған алапат өрттен 116 адам қаза тапты

Бангладеш: Даккада болған алапат өрттен 116 адам қаза тапты

Бангладеш астанасы Даккада болған алапат өрттен 116 адам қаза тауып, күйіп қалған тағы 200-дей тұрғын ауруханаға жеткізілді.

Кукушки Ани Дакка, қалалық құтқару қызметінің бастығы:

- Мерт болғандардың саны әлі де өсуі мүмкін. Өрттен кейін қираған ғимараттардың астында адамдар қалуы ықтимал. Әзірге үйінділердің астынан 18 адам шығарылып, денесі туыстарына берілді.

Қаланың орталық аудандарының біріндегі трансформатор станциясында тұтанған тілсіз жау үш сағат ішінде 7 ғимаратты күлге айналдырған. Куәгерлердің айтуынша, электр құрылғысы жарылып кеткен. Өрттің осындай қарқынмен жайылуын құтқарушылар аудандағы ғимараттардың тығыз орналасуымен байланыстырады. Сонымен қатар жақын маңда сауда орталығы мен пластмасса өнімдерін шығаратын зауыт болған. Олар да түгі қалмай жанып кетті. Қазір оқиға орнында аршу жұмыстары жүргізілуде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде