{metadescription}
Қазақ-өзбек шекарасы: Арнасай ауылы үш күннен бері қоршауда қалды
Қазақ-өзбек шекарасы: Арнасай ауылы үш күннен бері қоршауда қалды

Қазақ-өзбек шекарасы: Арнасай ауылы үш күннен бері қоршауда қалды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы қазақ-өзбек шекарасында тағы бір даулы оқиға орын алды. Шардара ауданына қарайтын Арнасай ауылы үш күннен бері қоршауда қалды. Өйткені елдімекенге баратын жолды көрші елдің шекарашылары жауып тастаған. Мақтарал мен Шардара аудандарын байланыстыратын 25 шақырымдай жол Өзбекстан аумағы арқылы өтеді. Бүгінге дейін осы жолды Қазақстан жағы жалға алып пайдаланып келген болатын.

Арнасай ауылына барар жалғыз жолдың жабылып қалуы күтпеген жағдай болды. Елдімекеннің тұрғындарымен телефон арқылы байланысып білгеніміз: ауылдың айналасына өзбекстандық шекарашылардың күзеті қойылған. Олар күре жол арқылы ауылға кіріп-шығуға тыйым салыпты. Енді ауыл тұрғындары тек Шардара су қоймасы арқылы қайықпен қатынауға мәжбүр. Бірақ оған көбінің мүмкіндігі жоқ. Елдімекеннен шыға алмай қалған елдің азық-түлігі мен су қоры таусылуға жақын. Қазір аудан әкімдігінде қоршауда қалған ауылды түгелімен көшіру мәселесі қаралып жатыр.

Валерий Лепцов, Арнасай ауылының тұрғыны:

- Кішкентай балам ауру. Орталықтан көмек шақыртқан едім. Жол жабылып, жедел жәрдем келе алмай отыр. Азық түлік күн сайын азайып барады. Ауыз су кешеден бері жоқ. Амалсыз лай су ішіп отырмыз. Ауылдан шығайық десек, шекарашылар үрейімізді алып отыр. Сондықтан сыртқа аттап басуға қорқамыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде