{metadescription}
Тағы бір спортшы кісі қолынан қаза тапты
Тағы бір спортшы кісі қолынан қаза тапты

Тағы бір спортшы кісі қолынан қаза тапты

Теміртау қаласында самбодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы болған Қызмет Балтабек қаза тапты. Бүгін таңға жуық оны Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университетінде бірге оқитын курстасы пышақтап кетті.

Оқиға Теміртау қаласындағы автотұрақтардың бірінде орын алған. Таңғы жаттығу кезінде сөзге келіп қалған күдікті көлігін тұраққа қойып шыққан жас спортшыға күтпеген жерден шабуыл жасапты. Пышақпен қаруланған қаскөй оның кеуде тұсын пышақтаған. Кейіннен ол марқұмның мүрдесін «Металлург» стадионы маңына тастап, ізін суытқан. Теміртаулық тәртіп сақшылары кісі өлімі бойынша қылмыстық істің қозғалып, бүгінде күдіктінің құрықталғанын мәлімдеді. Небәрі 20 жастағы Қызмет Балтабек 2009 жылы самбодан Болгарияда өткен әлем чемпионатының бас жүлдесін жеңіп алған болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде