{metadescription}
Шығыс Қазақстан: суретшілер көне жазбаларды қағаз бетіне кескіндеп, көрме ұйымдастырды
Шығыс Қазақстан: суретшілер көне жазбаларды қағаз бетіне кескіндеп, көрме ұйымдастырды

Шығыс Қазақстан: суретшілер көне жазбаларды қағаз бетіне кескіндеп, көрме ұйымдастырды

Шығыс Қазақстан облысында 6 мың жылдық тарихы бар Ақбауыр археологиялық ескерткішінің жойылып кетуіне алаңдаған суретшілер көне жәдігерлерді өз туындыларының арқауына айналдырды. 20-дан астам қылқалам шебері тасқа қашалған жазбаларды қағаз бетіне кескіндеп, көрме ұйымдастырды. Шараның мақсаты- бірегей нысанды сақтап қалу мәселесіне көпшілік қауымның назарын аудару.

Ашық аспан астындағы Ақбауыр тарихи ескерткішінің қаскөйлер мен жауын-шашынның кесірінен жойылып бара жатқаны туралы осыған дейін айтқанбыз. Қола дәуіріне жататын петроглифтер таңбаланған жартастың ашылмаған сыры көп. Тарихшылар бұл жерді әлемдік мәдени мұралар қатарына енгізу туралы ұсыныс та жасаған. Алайда бастама қолдау таппақ түгілі, көне Ақбауыр арнайы қорғауға да алынған жоқ. “Дала ескерткішін қалыпқа келтіру жұмыстары тек күзде ғана шешілуі мүмкін, ол үшін 8 жарым млн теңге қаржы қажет” - дейді әкімдіктегілер. Ал суретшілер Ақбауыр “тым болмағанда сурет ретінде сақталып, болашақ ұрпақтың керегіне жарар” деген үмітте.

Ержан Тұрғанбаев, суретші:

-Сол күні екі этюд салып үлгердім. Күн ыстық болды, шыбын-шіркей...бірақ этюдтың қызығы сол, табиғат аясында жұмыс істеген өте мәнді, мағыналы және көп әсер аласың. Тағы барсам ба, басқа қырынан көрсетсем бе деген деген ойым бар, дегенмен кім біледі...

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде