{metadescription}
Жас суретшілер “Болгария раушан гүлі” халықаралық байқауда Гран-при ұтып алды
Жас суретшілер “Болгария раушан гүлі” халықаралық байқауда Гран-при ұтып алды

Жас суретшілер “Болгария раушан гүлі” халықаралық байқауда Гран-при ұтып алды

Қазақтың жас суретшілері “Болгария раушан гүлі” атты халықаралық көркемсурет байқауынан осымен үшінші рет Гран-при жүлдесімен оралды. Жас өнерпаздардың барлығы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің оқушылары. Қазақтың суретшілік өнерін әлемге мойындатып жүрген жастармен Әйгерім Асқарқызы кездесіп қайтты.

“Болгария раушан гүлі” халықаралық көркемсурет байқауына қатысу кез-келген жас суретшінің арманы. Өнер академиясы колледжінен аттанған 16 қылқалам шебері байқаудан абыроймен оралды. Олар Ресей, Украина, Грекия, тіпті Болгарияның өзінен қатысқан суретшілерді шаң қаптырып кетті. Ең үздік пейзаж, натюрморт, кескіндеме сиқты 3 аталым бойынша өткен сайыста отандастарымыз жалпы командалық есеп бойынша Гран-приді жеңіп алды. Тіпті жас суретшілердің қолынан шыққан картиналардың бірнешеуін шетелдік меймандар сол жерде-ақ сатып алған.

Данияр Қайсарбай, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің студенті:

- Сол жерде көрме болды, жұмыстарымыздың барлығы біткеннен кейін. Көрмеде Ресейден келген, сурет өнерін жақсы білетін бір кісі сатып алды. Менің жұмысыма қызықты. Ол жұмыстарым сол жерде, Еуропа елінде қалады. Мен үшін ақша емес, жұмысымның сол жақта қалып, сол жерде тұратынына қуаныштымын.

Болгария елінің символы –раушан гүлі бейнеленген Гран-при сыйлығы үшін жас қылқалам иелері 5 күн сайысты. Тапсырманы бүкіл әлем бет бұрған авангардттық емес, классикалық стильде орындалған қазақ суретшілерінің жұмыстары ғана толығымен қазылар алқасының көңілінен шыққан.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры:

- Ә.Қастеев сияқты қайталанбас шеберлер болады. Миллионның ішінен біреу ғана кездеседі. Ал негізінен жастайынан үйретіп өсіргенде, әрине, ол міндетті түрде жемісін береді.

Осымен біздің суретшілер “Болгария раушан гүлі” байқауында 3 –ші рет Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Қазір олар тағы бір халықаралық көркемсурет байқауына дайындалуда.

“Болгария раушан гүлі” халықаралық көркем сурет байқауындағы жеңіс қазақтың жас суретшілеріне деңгейі бұдан да жоғары байқауларға жол ашып берді –дейді ұстаздары. Жеңімпаздардың жұмыстары қазір Өнер академиясының қабырғасында ілулі тұр. Жас дарындар болашақта жұмыстары әлемнің әйгілі мұражайларында ілулі тұратынына сенімді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде